238
Дін мен Діл
намаздың нақты уақыттары, рәкат сандары және намаз
ішінде оқылатын сүрелер мен дұғалары көрсетілмеген. Ал
енді хадисті жоққа шығарсақ, ғасырлар бойы оқылып келе
жатқан намаз қалай оқылады? Сондай-ақ Құранда зекет
берілуі тиіс мал-мүліктің түрлері мен мөлшері де нақты
көрсетілмеген. Тіпті мұсылмандықтың рәмізіне айналған
бес уақыт шақырылатын азанның сөздері де Құранда ай-
тылмайды. Мәйіттің қалай кебінделіп, жаназа намазының
қалай атқарылып, қалай жерленетіндігі де білдірілмеген.
Ендеше, хадиссіз Құранды, Исламды дұрыс түсіну
мүлдем мүмкін болмағандықтан, бұл топтың өздерін
бұлай атауларының астарында Құранды өздерінің теріс
әрекеттеріне бүркеме ету жатыр. Сондықтан оларды
«Құраншылар»
дегеннен гөрі
«Сүннетті мойындамай-
тындар, хадистерді жоққа шығаратындар»
дегеніміз
жөн. Бұл жайлы Қазандық ғалым Мұса Жаруллаһ
(1874-1949) өзінің
«Китабус-сунна»
атты кітабының
кіріспесінде:
«Бұлардың өздерін «Құраншылар» деп
атауының жалғыз себебі – Құранды бізге жеткізген
Пайғамбарымыздың (с.а.у.) сүннетін жоққа шығаруы
болмақ. Бұлардың кейбіреуі Құранды қорғаған боп
Алла елшісінің (с.а.у.) сүннеттерін жоққа шығарғанын
байқадым. Бұлардың өздеріне мұндай лақап аттағулары
Құранды келеке етуден басқа ештеңе емес»
297
– деп,
мұндай топ өкілдерінің өздерін
«Құраншылар»
деп
атауға лайық емес екенін білдірген.
– Жалпы «сүннет», «хадис» дегеніміз не? Оның
дініміздегі шынайы орны қандай?
– Алла елшісінің айтқан сөздері мен жасаған іс-
әрекеттері және басқа адамдардың жасаған істері мен
297
Исмайл Мұтлы, Сүннеті Инкар Фитнесі, 243-бет.
«Мұтлы
иайынлары»
баспасы, Станбұл, 1999ж.