Previous Page  233 / 288 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 233 / 288 Next Page
Page Background

233

Дін мен Діл

орны жақын орналасқан кішігірім қазақы үйде ғұмыр

кешкен халықтың гигиеналық сақтануынан туындаған

ұстаным. Себебі, қараңғыда алынған тырнақтың ыршып

ыдыс-аяққа түсіп, одан әрі адамның ішіне кету қаупі бар.

Сондай-ақ, бұрынғы кезде тырнақты қазіргідей оңай ала-

тын құралдар болмағандықтан, қараңғыда тырнақ алған

кісі тырнағымен бірге саусағын кесіп алуы ықтимал. Ал

енді қазіргідей жарығы мол, ыдыс-аяғы бөлек тұратын

бірнеше бөлмелі үйде мұндай тыйымға қажеттіліктің жоқ

екені рас. Ендеше, мұны түсініксіз ырымға айналдырудың

қажеті де жоқ.

Тағы бір мысал, қазақта:

«Үйге қарай жүгірме, не-

месе, атпен шаппа, жаман болады!»

деп жатады. Бұл

сөз де әсілінде ырым емес, үлкен этикадан туындаған

тәлімі терең тыйым болмақ. Олай дейтініміз, көбіне жау

шапқанда, немесе басқа да суық хабарды жеткізерде

хабаршы жай жүріске салмай шауып келеді. Міне

сондықтан тыныштық уақытта үйге қарай шауып келу

– елдің жүрегіне үрей салу болғандықтан, бабаларымыз

«үйге қарай жүгірме, яки, атпен шаппа»

деп этикалық

астары қалың тыйымдарды айтып отырған. Әйтпесе, үйге

қарай жүгіру мен шабудың нәтижесінде жаманшылық

болмайтыны ақиқат. Алайда аулада ойнап жүрген бала-

ларды басып кетпеу, есік алдын шаңдатпау, үй иелерінің

жүрегіне үрей салмау үшін қазіргі таңда да бұл тыйым-

ды ұстанған дұрыс.

Көз тимесін деген ырыммен сәбидің омырауына

тағылатын көз моншақ та негізінде ырым емес, сақтанудан

туындаған ғылыми ақиқат болуы мүмкін. Себебі, көз тию

деген нәрсенің бар екені рас. Пайғамбарымыз (с.а.у.):

«Көз

тию – ақиқат»

293

деген. Ал енді көз тию дегеніміз не

293

Сахихул-Бухари, 5-том, 2167-бет, Дәру Ибни Кәсир баспасы,

Бәйрут, 1987 ж. Сахих Муслим, 4-том, 1719-бет,

«Дәру Ихиа’ит-

турасил-араби баспасы»

, Бәйрут.