Previous Page  236 / 288 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 236 / 288 Next Page
Page Background

236

Дін мен Діл

Сөз соңы, малдың бас сүйегін немесе аттың тағасын

босағаға іліп қойып, оларды түрлі бәле-жаладан сақтайды

дегендей нанымдар мен өмірде кездесетін көңілге

жағымсыз нәрселерді негізге алып, оны жаманшылыққа

жору исламда мүлде жоқ. Ал кейбір көңілге хош көрінген

нәрселер мен жағымды сөздерді жақсылыққа жорудың да

оқасы жоқ. Бірақ әлгіндей

«жақсылық болсын»

деген ни-

етпен жаңа түскен келіннің жүзіне ұн жағу секілді негізсіз

ырымдардан да арылғанымыз абзал.