Previous Page  239 / 288 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 239 / 288 Next Page
Page Background

239

Дін мен Діл

сөздерін пайғамбарымыздың мақұлдауын

«сүннет»

не-

месе

«хадис»

дейміз. Сүннет пен хадистің қысқаша

түсіндірмесі осы. Ал енді олардың дініміздегі дәлеліне

келер болсақ, Алла Тағала Құранның бірқатар аяттарында

Алла елшісінің сүннеттерінің маңызын айқын көрсеткен.

Мысалы,

«Ниса»

сүресінің 113-аятында:

«Алла саған

кітапты әрі хикметті түсірді. Саған бұрын-соңды

білмеген нәрселеріңді үйретті. Алла Тағаланың

саған деген кеңшілігі тым көп»

делінсе,

«Бақара»

сүресінің 151-аятында:

«Сендерге аяттарымызды

(ғаламдағы Алланың құдіретін білдіретін дәлелдер)

оқу мақсатында әрі сендерді рухани тазартып,

кітабымызды және хикметті һәм басқа да білмеген

нәрселеріңді үйрету үшін араларыңнан бір кісіні

пайғамбар етіп жібердік»

делінген. Құранда Алла

тарапынан пайғамбарымызға кітаппен бірге хикмет

берілгендігі шамамен жеті жерде айрықша айтылған.

Алла елшісіне (с.а.у.) берілген кітап – Құран, ал хикмет –

пайғамбарымыздың сүннеттері екендігіне барлық ислам

ғалымдары бірауыздан келіскен. Себебі, аталмыш аят-

тарда Алла елшісіне Құранмен бірге хикмет берілгендігі

айрықша айтылып отыр. Ендеше, Құран бөлек, хикмет

бөлек дүние. Олай болса, Алла елшісіне берілген хик-

мет – ол сүннет. Мұны басқаша түсіну мүмкін емес.

Өйткені Елшісіне сүннеттен басқа хикмет берілмеген.

Пайғамбардың әрбір сөзі мен ісі, расында да, Құранда

айтылғандай, хикметтің нағыз қайнар көзі. Алла елшісі

бір хадисінде:

«Мен хикмет ордасымын»

298

деп аятта

айтылған хикметтің өзінің сүннеті екенін түсіндірген.

Сондай-ақ Құранның бірқатар аяттарында Алла

Тағала мұсылман құлдарын Өзіне бағынып, бойұсынуға

шақырған. Және бұған қоса пайғамбарға бағынып,

298

Тирмизи, Мәнақиб, 21.