240
Дін мен Діл
бойұсынуларын айрықша талап еткен. Мысалы,
«Маи-
да»
сүресінің 92-аятында:
«Аллаға бойұсыныңдар және
Оның елшісіне бойұсыныңдар. Қарсы келуден сақ
болыңдар!»
делінсе,
«Әли Ғимран»
сүресінің 33-аятында:
«(Уа, пайғамбарым!) оларға былай деп айт: «Аллаға
және Елшісіне бағынып, бойұсыныңдар. Егер олар
бұдан бас тартса, Алла Тағала күпірлік келтіргендерді
жақсы көрмейді»
деп, мұсылмандардың Алламен
қатар пайғамбарға да бой ұсынулары бұйырылған. Ал
басқа бір аятта:
«Аллаға және Елшісіне бағынып,
бойұсыныңдар. Сонда сендер Алланың рақымына
бөленерсіңдер»
299
деп, мұсылман құлдардың Аллаға және
пайғамбарына бағыну арқылы рақымы мен шарапатына
кенелетіндігі білдірілген. Құранның шамамен он шақты
аятында Аллаға бағынумен қатар пайғамбарға да бағыну
талап етілген. Ал енді Аллаға бағыну бұл – Құрандағы
үкімдерге, Жаратқанның бұйрықтары мен тыйымдарына
бойұсыну екені түсінікті. Ендеше, пайғамбарға бағынудан
мақсат сүннетте көрсетілген дүниелерді орындау не-
месе тыйымдардан тартыну болмақ. Егер пайғамбарға
бағыну Құранға бағыну болғанда, Ұлы Иеміз «
Аллаға
бағыныңдар»
дегеннен кейін айрықша
«пайғамбарға
бағыныңдар»
деп бұйырмас еді. Сондай-ақ, Құран аят-
тары – белгілі бір уақытты емес, қияметке дейінгі барлық
шақтарды қамтитын ғұмыршаң аяттар. Егер пайғамбарға
бағыну оның берген үкімдеріне емес, өзіне (с.а.у.) жай
ғана бағыну болғанда, ол (с.а.у.) өмірден озғаннан кейін
«Пайғамбарға да бағыныңдар»
деген Құранның он
шақты жерінде келетін бұл аяттардың ешбір мағынасы
қалмас еді.
Хақ Тағала
«Әли Ғимран»
сүресінің 31-аятында:
«(Уа,
пайғамбарым!) оларға былай деп айт: «Егер Алланы
299
«Әли Ғимран»
сүресі, 132-аят.