237
Cүннетті мойындамау – дін
бұзудың амалы
296
– Қазіргі таңда елімізде пайғамбарымыздың
сүннетін, хадистерін мойындамайтын «Құраншылар»
деген жаңа топ пайда болды. Олар кімдер? Көздегені
не?
– Ең әуелі ол топтың өздерін
«Құраншылар»
деп
атауы дұрыс емес. Себебі,
«Құраншылар»
деген сөз
«біз
Құранды дұрыс түсініп, әр ісімізде оны басшылыққа ала-
мыз»
дегенге саяды. Ал енді ҚұрандыАлланың адамзатқа
жіберген ақырғы елшісінің хадистерінсіз дұрыс түсіну
мүмкін бе? Әрине, жоқ. Олай дейтініміз, Алла елшісі
Мұхаммед (с.а.у.) қасиетті Құран кітапты адамзатқа
жеткізуші жай дәнекер ғана емес, оны егжей-тежейлі
түсіндіруші, жалпысын жалқылайтын, кесек айтылған
үкімдер мен жалпы айтылған ереже-қағидаларды
тарқатып талдайтын ұлы ұстаз ретінде жіберілген.
Құранда құлшылық мәселесі болсын, дүниелік қарым-
қатынастарды реттейтін басқа құқықтық мәселелер бол-
сын барлығы, көбіне, жалпы ереже күйінде айтылған.
Ал сол негізгі ережелерді тарқатып түсіндірген, кесек
үкімдердің тармақтарын талдап берген ақырғы елші
Мұхаммед (с.а.у.) пайғамбардың сахих хадистері болмақ.
Мысалға, Құранда
«намаз оқып, зекет беріңдер»
деген
тоқсанға жуық аят бар. Бірақ бұл аяттардың ешбірінде
296
«Айқын»
газетінің 17 қазан, 2009 жылғы санында жарық көрген
сұхбат. Ескерту: Газет бетінің шектеулілігіне байланысты
қысқартылып жарық көрген сұхбаттың толық нұсқасы беріліп
отыр.