234
Дін мен Діл
өзі? Бұл – өз алдына жеке ғылыми зерттеуді қажет ететін
үлкен тақырып. Дегенмен көз тиюді адам жанарындағы
жағымсыз энергиялардың теріс әсері деп түсінсек, онда
көз моншақтың осы энергиядан сақтануға оң әсері болуы
мүмкін. Ол былай, жағымсыз энергиясы бар адам сәбиге
қараған кезде алғашқы жанары бірден сәбидің көзіне
емес, жылтыраған көз моншаққа түсіп, сол моншақта
әлгі энергияның шағылып, күші жоғалуы мүмкін. Яғни,
жағымсыз энергияға толы алғашқы жанар әуелі баланың
көзіне емес, жылтыраған көз моншаққа түсу арқылы
оның залалының азаюы, яки жоғалуы үшін жасалған
сақтық шара болуы ықтимал. Ал бұл нәзік ақиқатты
түсінбеген кейбір адамдар көз моншаққа әлдебір рухани
қасиет таңып, жәрдемді Алладан емес, сол моншақтан
күтіп жатады. Әрине, бұл дұрыс емес. Сондықтан жалпы
көзмоншақ тағуды ширк деп асығыс үкім беру де қате.
Себебі, оқтан сақтану үшін кеудесіне оққағар таққан
адамның бұл ісіне ешкім ширк демесі анық. Олай болса,
екі түсініктің ара-жігін ажыратып, көзмоншақты әлгіндей
энергиядан сақтану үшін таққан жағдайда ширк еместігін,
ал оны Алладан басқа дербес күш, жеке рухани құдірет
деген түсінікпен тақса, Жаратқанға серік қосу екенін
ажыратып түсіндіру қажет. Бірақ көз тиюден бұлай
сақтану ширк болмағанымен сүннет те емес. Алла елшісі
(с.а.у.) көз тиюден қорғанудың жолы ретінде бірқатар
дұғаларды үйретіп кеткен.
Иә, көңілге келген әлдебір нахош нәрсені
жаманшылыққа жору, кесірді кесіп ырымдау исламда
жоқ. Өйткені ешбір негізсіз жаманшылықты ырымдап,
оған сенуде жүрекке үрей салып, болашаққа күмәнмен
қарау жатыр. Нәтижесінде жүрекке Жаратқанға деген
сенімсіздік пен жаман ой ұялайды. Кісі еш негізі жоқ
нәрсемен өз жігер-қайратын байлап, жалқаулыққа жол
береді. Мұнымен қоса өз жүйкесін өзі жұқартып, айна-