Previous Page  229 / 288 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 229 / 288 Next Page
Page Background

229

Ырымға сенуге бола ма?

Адам табиғаты естіген, көрген нәрселерінен бір

мағына шығарып, оны жорамалдауға құмбыл тұрады.

Жақсы нәрсе естіп немесе көңіліне хош нәрсені көрген

сәтте оны жақсылыққа жорамалдаса, ұнамсыз сөз естіп,

жағымсыз нәрсе көрген кезде оларды жамандыққа

ырымдай бастайды. Міне сондықтан пайғамбарымыз

(с.а.у.)

«Ешбір адам үш нәрседен: жорамалдау мен

күдікті ойдан, қызғаныштан құтыла алмайды»

290

деп,

адам баласының осы табиғатын білдірген. Бірақ нағыз

мұсылман мұндай сезімдерге жол берместен барлық

істерінде Жаратқанға тәуекел етеді. Пайғамбарымыз

(с.а.у.) жоғарыдағы хадистің жалғасында:

«Көңіліңе

келген ырымға иек артпай, жолыңды жалғастыр,

қызғанышың сыр берсе, оны шектен шығарма, ойыңа

күдікті ой оралса, оны ақиқатқа айналдырып, жүзеге

асырма!»

деп көңілге түскен ырымды негізге алып, жол-

дан қайтуға, яки бастаған істі тастауға болмайтындығын

ескерткен.

Кейбір жандар көңілдерінде сыр берген бұл

сезімдерге қатты мән беріп, оған имандай сенеді, тіпті

сол бойынша әрекет етеді. Ал бұл өте қате нәрсе. Тіпті

кей тұста мұндай соқыр сенім мен ырымға құлай берілу

Жаратқанға серік қосқанға да жататын ауыр күнә болуы

мүмкін. Исламға дейін арабтарда ырымға илану қатты

орын алған. Мысалы, олар жолға шығарда отырған құсты

290

Ахмад ибну Али ибни Хажарил-Асқалани, Фатхул-Бәри ли

шархил-Бухари, Китабулистисқа, 11-том, 374-бет. Дәрул-Фикр,

Бәйрут. 2000 ж.