225
Дін мен Діл
жасап, құлшылық атқарған адамның Мұхаммед (с.а.у.)
пайғамбар екені ақиқат. Ендеше, негізгі мақсатты ең ке-
мел деңгейде орындаған адам Мұхаммед (с.а.у.) болмақ.
Ал енді адамдарға жүктелген мақсат пен міндетті толық
әрі кемел деңгейде орындаған адам үшін
«ӘлемМұхаммед
үшін жаратылды»
немесе,
«Мұхаммед болмағанда мына
дүние жаратылмас еді»
делінсе артық емес, тіпті, орын-
ды айтылған мағыналы сөз болмақ. Ағаш егудің мақсаты
– жемісін алу. Ендеше, жеміс үшін ағаш егілді деген
сөз қандай орынды болса, жаратылыс ағашының жемісі
болған Мұхаммед (с.а.у.) үшін де
«Әлем Мұхаммед үшін
жаратылды»
делінсе сондай орынды болмақ.
Бұған қоса, ол бүкіл адамзаттың имамы
болғандықтан, адам баласының атынан
«әлем Мұхаммед
үшін жаратылды»
делінсе, шариғатқа да, ақиқатқа да
қайшы емес.
Мұндай сөздің ақиқаттығының тағы бір себебі,
Мұхаммед пайғамбар (с.а.у.) – мына әлемнің теңдессіз
ұлы ұстазы. Әз елші Мұхаммед (с.а.у.) адамзатқа мына
ғалам атты алып кітапты дұрыс оқуды үйретті. Ғаламның
бостан-босқа жаратылмағандығын, ондағы әрбір нәрсенің
Ұлы Жаратушыдан сыр шертетін әсем де терең мағыналы
кітап екенін түсіндірді. Яғни, мына ғалам осы ұлы
ұстаздың (с.а.у.) арқасында түсінікті алып кітапқа ай-
налды. Егер ол келмегенде, ғалам атты бұл алып кітап
түсініксіз күйде қалар еді. Ал ондай түсініксіз, иесінен
хабар бермейтін мағынасыз кітаптың қажетсіз екені
айтпаса да түсінікті. Ендеше, ғалам атты алып кітапты
түсінікті кітапқа айналдырған ұлы ұстаз үшін
«Мұхаммед
болмағанда мына әлем жаратылмас»
еді деудің қандай
терең мәнді сөз екенін ұғуға болады.
Жоғарыдағы сұраққа ұқсас сауалға Ибн Тәймия
өзінің
«Мәжмуъату фәтауа»
кітабында былай деп