Previous Page  224 / 288 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 224 / 288 Next Page
Page Background

224

Дін мен Діл

әрі болуда)

286

, – делінген. Мұхаммед пайғамбарымыз

(с.а.у.) хадисте:

«Әрбір нәрседе Алла Тағаланың жалғыз

екенін білдіретін дәлелдер бар»

деп, мына әлемдегі әрбір

жаратылыстың Алла Тағаланы танытар жеке-жеке кітап

екенін білдірген.

Адам баласы ғалам атты мына ұлы көрмедегі

ғажайып жаратылыстарға терең ой жіберіп, міні жоқ

сұлу да көркем туындыларға қарап оларды жаратқан

Ұлы шеберді, өзінің Ұлы Иесін таниды. Ондағы адам

үшін жасалған пайдалар мен хикметтерді көріп, Ұлы

Жаратушының рақымдылығы мен мейірімділігін сезініп,

жомарттығы мен дархандығын, түгесілмейтін қазынасын

түсінеді. Ендеше, мына әлемнің жаратылуы – негізгі

мақсат емес, негізгі мақсатқа жеткізер құрал, соған

апарар жол. Яғни, адамның жаратылуындағы негізгі

мақсат ғибадат, ал мына әлем сол мақсатқа жеткізер

құрал. Пайғамбарымыздың:

«Жер бетінде «Алла, Алла»

делінген сөз тоқтамайынша қиямет болмайды»

деуі

де мына алып ғаламның адамзаттың Алланы тануы үшін

жаратылғандығын білдіреді. Яғни, жер бетінде

«Алла»

деп Ұлы Иесін танитын иманды пенде жоғалған кезде

ғаламның да жаратылу хикметі бітті, қияметтің уақыты

жетті деген сөз. Ендеше, осындай мағынада

«адам

болмағанда мына әлем жаратылмас еді»

делінсе, оған

ешкімнің қарсы айтар дауы болмаса керек. Дәл сол секілді

адамзаттың ең кемелі, Ұлы Жаратушының ең сүйіктісі,

күллі пайғамбарлардың имамы әрі ақырғысы, бүкіл

әлемнің елшісі үшін «

Мұхаммед (с.а.у.) болмағанда мына

әлем жаратылмас еді»

деу де қате емес. Олай дейтініміз,

адам баласы Ұлы Құдіретті танып, ғибадат ету үшін жа-

ратылса, сол адам баласының ішіндегі Алла Тағаланы ең

кемел түрде таныған әрі ең жоғарғы деңгейде ғибадат

286

«Талақ»

сүресі, 12-аят.