Previous Page  220 / 288 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 220 / 288 Next Page
Page Background

220

Дін мен Діл

басқа да хадис кітаптарында кездесетін Ибн Аббастан

риуаят етілген мына бір сахих хадисті дәлел ретінде

келтіреді:

Пайғамбарымыз (с.а.у.) Меккеден Мәдинаға келген

кезде еврейлердің Ашура күні ораза ұстап жатқанын

көрді де:

«Ораза ұстап жүрген бұл күндерің қандай

күн?» , – деп сұрады. Олар: «Бұл – ұлы күн. Өйткені

бұл күні Алла Тағала перғауын мен оның жұртын

суға батырып, Мұса пайғамбар мен оның қауымын

құтқарған еді. Мұса пайғамбар осы күні Алла Тағалаға

шүкір ниетімен ораза ұстайтын. Міне, біз де ораза

ұстаймыз», – депжауап берді. Пайғамбарымыз (с.а.у.):

«Мұса пайғамбарға біз сендерден де жақынбыз» – деп

осы күні ораза ұстады әрі мұсылмандарға осы күні

ораза ұстауды бұйырды»

284

.

Ибн Хажар Асқалани бұл хадистен мәулітке байла-

нысты мынандай дәлел шығарып отыр:

«Бұл хадистен

Алла Тағаланың арнайы бір күні берген жақсылығы

яки бір қиыншылықтан құтқарғаны үшін құлдарының

Оған алғыс білдіріп, шүкір етудің қажетті амал екенін

түсінуге болады. Әрі бұл күн жыл сайын қайталанып

284

Сахихул-Бухари, 2-том, 704-бет, Дәру Ибни Кәсир баспасы,

Бәйрут, 1987 ж. Сахих Муслим, 2-том, 796-бет, «Дәру Ихиа’ит-

турасил-араби» баспасы, Бәйрут.