217
Дін мен Діл
– деген. Демек, Сахих Муслимдегі бұл хадистен
пайғамбарымыздан кейін қалыптасқан барлық істердің
жаппай адастырушы бидғат емес екендігін, тіпті кейіннен
қалыптасқан кейбір шариғатқа қайшы емес істердің өте
сауапты іс екенін аңғаруға болады.
Ендеше, мәуліт мерекесін атап өту де иншаллаһ
«жақсы бидғаттың»
қатарына жатады. Хадис саласының
мәшһүр ғалымы Хафиз Жәләлуддин әс-Сиюти өзінің
«Мәуліт нәбиді атап өтудегі жақсы мақсат»
деген
кітабында мәуліттің үкімі жайлы сұралған сұраққа былай
деп жауап берген:
«...Мәуліт мерекесі жақсы бидғатқа
жатады. Бұл амалды атқарушы сауапқа кенеледі.
Себебі, мәулітте Пайғамбарымыздың қадір-қасиетін
құрметтеу әрі оның дүниеге келуіне қуануды білдіру
бар»
276
,
– деп жауап берген.
Енді бір топ ғалымдар бойынша бидғат;
«жақсы»,
«жаман»
делініп екіге бөлінбесе де, дінде негізі бар әрі
шариғатқа қайшы емес кейіннен пайда болған барлық іс
әрекеттер бидғатқа жатпайды.
Енді мәулітті атап өтудің дұрыс, тіпті, мұстахаб амал
екендігіне байланысты дәлелдерді саралап көрейік:
Сахих Муслимде Әбу Қатададан мынандай ха-
дис риуаят етілді. Ол былай деді:
Пайғамбарымыздан
(с.а.у.) дүйсенбі күнгі ораза жайлы сұралған еді.
Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Бұл күні мен дүниеге
келдім әрі елші болып жіберілдім немесе
277
бұл күні
276
Али Жум’а, әл-Баян лима иашғалул-әзһан, 166-бет, Каир, 2005 ж.
277
Пайғамбарымыздың елші болып жіберілдім дегенін яки Құран
түсе бастады деп айтқанын хадисті риуаят етуші кісі нақты есіне
сақтай алмағандықтан осылай риуаят еткен.