Previous Page  214 / 288 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 214 / 288 Next Page
Page Background

214

Дін мен Діл

шығарылған барлық жаңа нәрселер – бидғат, ал барлық

бидғат – адасушылық»

269

, – деп ескерткен адастырушы

бидғатқа қатысы бар-жоқтығын анықтап алайық.

Иә, мәуліт мерекесін тойлау пайғамбарымыздың за-

манында болмағаны рас. Пайғамбарымыздың заманында

болмаған істі ғибадат ретінде тұрақты жасау бидғатқа

жатады. Бірақ бидғат түсінігі – ғұламалар арасында әр

түрлі түсіндірмеге ие күрделі мәселе. Бір топ ғалымдар

бойынша бидғат;

«бидғат хасана», «бидғат саййа»

яғни, жақсы және жаман бидғат болып екіге бөлінеді.

Шариғатқа қайшы емес әрі мұсылмандарға пайдасы бар,

құлды сауапқа жетелер барлық істер кейіннен қосылса

да жақсы бидғатқа жатады. Бұл жайлы Имам Науауйи:

«Пайғамбарымыздың заманында болмаған барлық істер

бидғатқа жатады. Бірақ бидғаттың жақсы мен жа-

маны бар»

деп бидғатқа түсінік берсе, Имам Шафиғи:

«Кейіннен шығарылған істер екі түрлі болады. Біріншісі,

Құранға, сүннетке, әсаарға яки ислам ғұламаларының

ортақ ижмағына (үкімдегі ортақ көзқарас) қайшы

келетін бидғаттар, бұл адастырушы бидғат. Ал екіншісі

оларға ешкімнің қарсылығы жоқ жақсылық істер. Бұл

дұрыс бидғат»

270

деп бидғатты екіге бөліп қараған.

Пайғамбарымыздан кейін қалыптасқан кейбір

жақсы істер мен үрдістердің ғибадатта болса да жақсы

бидғатқа жататындығына Омардың заманында болған

мына бір оқиға дәлел бола алады: Абдур-Рахман ибну

Абдил-Қаридан риуаят етілді. Ол былай деді:

«Омар-

мен бірге рамазанның бір түнінде мешітке бардым.

Адамдар шашыраңқы. Әркім жеке-жеке намаз оқуда.

269

әл-Мустадрак алас-сахихайн, 1-том, 174-бет, Дарул-кутибил-

илмия, Бәйрут, 1990 ж.

270

Әбу Бәкір Ахмед ибн әл-Хусайн ибн Али ибн Муса Әбу Ахмет,

Мағрифатус-сунан уәл-әәсаар лил-Бәйһақи, 2-том, 521-бет.

Дәрул-кутубил-илмия, Бәйрут.