Previous Page  218 / 288 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 218 / 288 Next Page
Page Background

218

Дін мен Діл

маған Құран түсті»-деп жауап берді

278

.

Хадисте

пайғамбарымыздың дүниеге келген күнінің ерекшелігі

мен қасиеттілігі, тіпті, бұл күнде Ұлы Жаратқанға

шүкір ниетімен ораза ұстаудың сауаптылығы айтылған.

Иә, Пайғамбарымыздың (с.а.у.) дүниеге аяқ басуы Ұлы

Жаратушының ғаламға сыйлаған ең үлкен нығметі

мен жақсылығы екені сөзсіз. Құранда:

«Біз сені күллі

ғалам үшін рақым етіп қана жібердік»

279

деп осы

ақиқатты меңзеген. Сондықтан оның дүниеге аяқ ба-

сып, ғаламды нұрға бөлеуі – артынан ерген үмбеті үшін

үлкен қуаныш. Ол дүниеге келмей тұрып, барша ғалам

қараңғылыққа тұншығып жатқан-ды. Адамзат небір

меңіреу пұттарды құдай танып, ес-түссіз құлшылық

ұрды. Ақ қара саналып, асыл құнсызданды. Небір

сорақы істер мен арсыз қылықтар игілікке бағаланып,

иелері атақ-абыройға кенеліп жатты. Осы бір сұрапыл

да қараңғы заматта Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у.)

дүниеге қадам басты. Оның құтты қадамы осынау

қараңғы дәуірге нұр боп шашылды.

Иә, біздер пайғамбарымыз (с.а.у.) арқылы Ұлы Жара-

тушыны қатесіз танып, оның тура жолын түсіндік. Ақ пен

қараны ажыратып, жұмақ пен тозақты білдік. Ақыреттің

сырларына үңіліп, небір тылсым дүниелерден хабардар

болдық. Адамдық борышымыз бен асыл міндетімізді

аңғарып, дүниенің мәні мен жаратылыстың мағынасын

ұқтық. Ендеше, Пайғамбарымыздың (с.а.у.) дүниеге келуі

–мұсылмандар үшін зор қуаныш, ҰлыИеміздің құлдарына

жасаған ұлы жақсылығы. Ал қуанышты бөлісудің,

оны белгілі бір жүйемен көрсетудің, Алла Тағаланың

жақсылығыменнығметінешүкірмақсатындажария етудің

278

Сахих Муслим, 2-том, 819-бет, «Дәру Ихиа’ит-турасил-

араби баспасы», Бәйрут. Сахих ибни Хиббан, 8-том, 403-бет,

Муәссатур-Рисалә, Бәйрут, 1993 ж.

279

«Әнбия»

сүресі, 107-аят.