Previous Page  215 / 288 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 215 / 288 Next Page
Page Background

215

Дін мен Діл

Мұны көріп Омар: «Адамдардың бәрін бір қаридың

артына жинағаным дұрыс секілді», – деді де, Убәй

ибн Кәғбті имам етіп, жамағатты оған ұйытты.

Сосын басқа бір түні мешітке Омармен бірге бар-

дым. Адамдардың бәрі бір қариға ұйып тұр. Мұны

көрген Омар: «Бұл қандай жақсы бидғат»

деді

271

.

Яғни, пайғамбарымыздың заманында мұсылмандар

рамазанның әр түнінде жамағат болып тарауих намазын

мешітте оқымайтын. Пайғамбарымыз (с.а.у.) бастапқы

кезде бірнеше күн тарауих намазын мешітте оқыса да

кейіннен мешітте оқымаған әрі тарауих үшін мешітке

жамағатты жинамаған. Әбу Бәкірдің заманында да солай

болған. Кейіннен Омар жамағаттың бәрін бір имамның

арқасына тұрғызып, тарауих намазын күнде мешітте

өткізу үрдісін қалыптастырған. Әрі

«бұл қандай жақсы

бидғат»

деп бидғаттың барлығының жаман еместігін

меңзеді.

Рифағату ибну Рафиғ әз-Зурақииден риуаят етілген

мына бір оқиғаны да дәлел ретінде келтіруге болады.

Рифағату ибну Рафиғ әз-Зурақии былай деді:

«Бір күні

пайғамбарымыздың артында намаз оқып тұр едік.

Пайғамбарымыз рүкүғден басын көтерген кезде:

«Самиғаллаһу лиманхамидаһ» (АллаТағаламадақтың

кім үшін екенін әлбетте естіді) деді. Артында

тұрғандардың бірі: «Раббана уә лакал-хамду хамдан

таййбан мүбәракан фиһ» (Раббымыз! Күллі тамаша

әрі мүбәрак мақтаулардың бәрі саған тән) деп дұға

оқыды. Намаздан шыққаннан кейін Пайғамбарымыз

(с.а.у.): «Жаңағыны айтқан кім?», – деді. Әлгі кісі:

«Мен», – деп жауап қайырды. Пайғамбарымыз: «Отыз

271

Сахихул-Бухари, 2-том, 707-бет, Дәру Ибни Кәсир баспасы, Бәйрут,

1987 ж. Сунанул-Бәйһақил-кубра, 2-том, 493-бет, Мәктабату

Дарил-Баз, Мекке, 1994 ж.