219
Дін мен Діл
дінімізде негізі мен дәлелі бар. Құранда
«Дұха»
сүресінде:
«Ал, Раббыңның саған берген нығметін (шүкір ету
мақсатында) айт!»
-десе,
«Ибраһим»
сүресінде:
«...Алла
Тағаланың күндерін олардың есіне сал»
280
делінеді.
Ибн Аббас:
«Алла Тағаланың күндерін»
дегенді
«Алла
Тағаланың жақсылықтары берілген күндер»
– деп те
тәпсірлеген
281
. Олай болса, пайғамбарымыздың дүниеге
келуін мереке ретінде атап өту – ең әуелі Алла Тағалаға
шүкір етудің, көкіректегі қуанышты жария етіп бөлісудің
көрінісі деуге әбден болады. Иә, оның дүниеге келіп,
ғаламды нұрға бөлей бастаған күнге қуанбау, әсте,
мүмкін емес. «Сахихул-Бухариде» және басқа да хадис
кітаптарында Әбу Ләһабтың әр дүйсенбі күні тозақтағы
азабының, аз да болса, жеңілдейтіндігіне байланысты ха-
бар бар
282
. Себебі, Әбу Ләһаб Пайғамбарымыз дүниеге
келгенін естіген кезде қуаныштан Суәйба атты күңін азат
еткен. Ал енді өмірден кәпір болып өткен әрі Құранда
Алла Тағаладан тікелей
«екі қолы бірдей қурасын!»
283
,
– деп қарғыс алған Әбу Ләһабтың Пайғамбарымыздың
(с.а.у.) дүниеге келгенін естіп, бір рет қуанғаны үшін
тозақта, аз да болса, азабы жеңілдейтін болса, Мұхаммед
пайғамбардың (с.а.у.) дүниеге келгені үшін өмір бойы
көкірегін қуаныш билеп, Раббысына сол үшін шексіз
шүкір еткен мұсылман баласының ақыретте Ұлы Жа-
ратушысынан алар сауабын пайымдау қиын болмаса
керек-ті.
Ибн Хажар Асқалани мәуліт мерекесінің
дұрыстығына байланысты Бухари мен Муслимде және
280
«Ибраһим»
сүресі, 5-аят.
281
Алфайруз Абади, Тануирул-миқбас мин тафсири Ибн Аббас,
1-том, 211-бет. Дарлул-кутубил-илмия, Лубнан.
282
Сахихул-Бухари, 5-том, 1961-бет,
«Дәру Ибни Кәсир»
баспасы,
Бәйрут, 1987 ж.
283
«Мәсад»
сүресі, 1-аят.