223
Кейбір кітаптарда: «Мұхаммед
(с.а.у.)
болмағанда
мына
әлем
жаратылмас еді» делінген. Мұндай сөз
шариғатқа қайшы емес пе?
Алла Тағала адамзатты Өзін танып, құдіреті мен
шеберлігінің алдында бас иіп, Өзіне ғана ғибадат етсін,
құлшылық жасасын деп жаратқан. Ендеше, адамның
жаратылуындағы негізгі мақсат – Ұлы Жаратқанға
құлшылық жасау. Құлшылық жасап, ғибадат ету үшін
ең алдымен Ұлы Жаратқанды тану қажет. Ал әлсіз адам
шексіз Алла Тағаланы қалай танымақ? Танудың негізгі
жолдарының бірі – жаратылысқа қарап Жаратқанды табу,
туындыға қарап Ұстасын білу. Міне, сондықтан Алла
Тағала мына әлемді өзінің шеберлігі мен шексіздігін,
құдіреті мен білімін, басқа да кемел сипаттарын танытар
көрме іспетті жаратқан.
Алла Тағаланың мына әлемді өзінің құдіретін паш
ету үшін жаратқандығы жайлы Құранда:
«Алла Тағала жеті қат аспанды және жерден де
оның ұқсасын жаратты. Алланың әмірі (мен үкімі)
бұлардың арасында түсіп тұрады. (Мұның бәрі) Алла
Тағаланың әр нәрсеге құдіретті әрі білімінің барлық
нәрсені қамтығанын білулерің үшін (жаратылды