Previous Page  226 / 288 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 226 / 288 Next Page
Page Background

226

Дін мен Діл

жауап берген:

«Мұхаммед (с.а.у.) адамзаттың мырза-

сы, күллі жаратылыстың ең абзалы әрі ең ардақтысы

болғандықтан «күллі ғалам Мұхаммед (с.а.у.) үшін

жаратылды. Немесе, егер Мұхаммед болмағанда Алла

Тағала Аршты да, Күрсіні де, аспан мен жерді де, ай

мен күнді де жаратпас еді»

делінген. Бірақ мұндай сөз

пайғамбарымыздың сахих те, әлсіз де хадисі емес

287

.

Ешбір ғалым мұндай сөзді пайғамбарымыздың хадисі деп

жеткізбеген. Сахабалардың да мұндай сөз айтқаны жай-

лы мағлұмат жоқ. Тіпті, бұл сөзді кім айтқаны да белгісіз.

Бірақ мұндай сөзді Алла Тағаланың мына аяттары секілді

дұрыс қырынан түсіндіруге болады: «

Жердегі және

көктегі бар нәрсені сендер үшін жаратты»

неме-

се

«Алланың әмірімен кеменің теңізде жүзуі үшін

оны сендерге бағындырды. Өзендерді пайдалану

үшін сендердің қызметтеріңе ұсынды. Жүйелі түрде

жүретін Күн мен айды әрі күндіз бен түнді сендер

үшін сыйлады. Сұраған нәрселеріңнің бәрін берді.

Егер Алла Тағаланың сендерге берген нығметтерін

санасаңдар, санап тауыса алмайсыңдар»

288

.

Осыған

ұқсас аяттарда Алла Тағала жаратылысты адам баласы

үшін жаратқандығын түсіндіреді. Бірақ Алла Тағаланың

287

Ибн Тәймияның бұл жайлы сахих те, әлсіз де хадис жоқ деуі

бұл жайлы хадистердің сол кезде есіне түспегендігінен, ойына

оралмағандығынан болуы мүмкін. Әйтпесе, пайғамбарымыздың

(с.а.у.)

«...Мұхаммед болмағанда Адамды да жұмақ пен тозақты

да жаратпас едім...»

делінген хадисі бар. (Мухаммад ибн

Абдиллаһ Әбу Абдиллаһ әл-Хаким ән-Найсубури (321-405 ж),

әл-Мустадрак алас-сахихайн, 2-том, 671-бет.

«Дарул-кутубил-

илмия»

баспасы, Бәйрут, 1-басылым. 1990 ж.

Бұл хадистің дәрежесі жайлы хадис саласының білгір ғалымдары

арасында

«сахих», «әлсіз», «ойдан шығарылған»

сияқты түрлі

қайшы пікір бар. Бұл хадистің жету жолдарына байланысты

пікірлері. Ал мәтіні мен мағынасы жоғарыда түсіндіргеніміздей

дұрыс.

288

«Ибраһим сүресі»

, 32-34 аят.