230
Дін мен Діл
үркітіп ұшыратын. Егер құс оң жаққа бет алатын болса,
онда сапарға шығуды дұрыс санап, жол жүруге бел бай-
лайтын. Ал егер сол жаққа ұшатын болса, онда сапардың
сәтсіз болатынын болжап, жол жүруден бас тартатын.
Яғни, олар Жаратқаннның жазғанына емес, ақылы жоқ
құстың ұшқан бағытына қарап іс-әрекет жасайтын.
Құдды оларға сәттілік сыйлайтын да, жаманшылықты
жазатын да Алла емес, құс деп білетіндей. Ал бұл
дегеніміз, Алладан басқаға иек арту, жақсылық пен
жамандықты өзгеден күту болғандықтан, Аллаға серік
қосуға жатады. Міне, сондықтан Алла елшісі:
«Ырым
жасап, оған иек арту – ширк. Алайда Алла ырымды
тәуекелмен жояды»
291
деп ырымдаудың күнә екенін әрі
тәуекел арқылы одан құтылуға болатындығын білдірген.
Ендеше, мұсылман баласы көңіліне жағымсыз нәрсе
кездессе оған көңіл бөлмей, бастаған ісін одан әрі қарай
жалғастырып, барша істерінде бір Аллаға тәуекел етуге
тиіс. Тәуекел дегеніміз – Жаратқанның мына дүниеде
қойған заңдылықтарын қолымыздан келгенінше орын-
дап, нәтижесін Алланың қалауына аманаттау деген сөз.
Мысалы, егіннің дұрыс өнім беруіне себеп болатын жер
жырту, дән себу, суғару, топырағын қопсыту, зиянды
жәндіктерден сақтайтын дәрі шашу, арам шөбін отау
секілді барлық қажетті заңдылықтарды орындағаннан
кейін нәтижесін Алладан күту.
Кейбір жандар қара мысықтың жолын кескенін
көрсе, жолаушылығының сәтсіз болатынын болжай-
ды. Әлдебір себеппен бір жағдайға ұшырай қалса, оны
Алланың жазғаны деп емес, әлгінде жолын кескен қара
мысықтан көреді.
291
әл-Мустадрак алас-сахихайн, 1-том, 64-бет.
«Дарул-кутубил-
илмия»
баспасы, Бәйрут, 1-ші басылым. 1990 ж.