232
Дін мен Діл
тұтынатұғын әдеттерінің сарқынын біз де кей жер-
де көргеніміз бар: келін түскенде үлкен үйдің отына
май құйып, «От ана, май ана, жарылқа!» дегізіп, бас
ұрғызғаны секілді, «өлген әруаққа арнадық» деп шырақ
жаққан секілді, жазғытұрым әуел бұлт күркүрегенде,
қатындар шөмішімен үйдің сыртынан ұрып, «Сүт көп,
көмір аз» деген секілді. Бұған ұқсайтын ырымдар көп
еді, құдайға шүкір, бұл күнде жоғалып бара жатқанға
ұқсайды»
292
.
Қазіргі таңда жаңа түскен келін отқа май құярда «От
ана, май ана, жарылқа!» деп айтпаса да бұл ырымның өзі
сол шаманизмнің сарқыншағы екендігі сөзсіз.
Қазіргі таңда кейбір ырымдар мен негізсіз
тыйымдарға бәзбір танымы таяз жандардың құлай
беріліп, оған қатты сенгендігі соншалық – оны Құранның
үкімдері мен пайғамбарымыздың тыйымдарынан да
жоғары қояды. Мысалы, жаңа түскен келіннің жүзіне ұн
жағылмай қалса,
«жаман боладыға»
салып, сол ырым-
ды орындатпай қоймайды. Ал бірақ сол үйлену тойда
арақ ішіліп, небір харам нәрселер істеліп жатса да, оған
жаны ауырып, көңілі құлазымайды. Сонда ешбір негізі
жоқ ырымның Алланың шариғатынан да жоғары болғаны
ма? Адамға пәлекет пен кесір келсе, мұндай негізсіз
ырымдардың орындалмай қалуынан емес, әлгіндей харам
нәрселердің кесірінен болатыны сөзсіз.
Ырым дегенде тағы бір ескере кететін жайт – белгілі
бір заманның тұрмыс жағдайына байланысты ескерілген
кейбір гигиеналық тыйымдардың қазіргі таңда ырымға
айналуы. Мысалы,
«түнде тырнағыңды алма, жаман
болады!»
деп жатады. Шын мәнінде, бұл ырым емес. Бұл
– қазіргідей жарық шамы жоқ әрі ыдыс-аяғы мен жатын
292
Абай, 2-том, 154-бет. «Жазушы» баспасы, Алматы, 2005