213
Пайғамбарымыз
Мұхаммедтің
(с.а.у.) туылған күнін – қасиетті
мәулітті мереке ретінде атап өтудің
дінімізде үкімі қандай? Кейде мәуліт
мерекесінің «бидғат», яғни, дінімізге
кейіннен қосылған қате, тіпті күнә амал екендігі
айтылып жатады. Осының ара-жігін ажыратып
берсеңіз.
Пайғамбарымыздың (с.а.у.) туылған күнін қасиетті
мереке ретінде атап өту үрдісі ислам әлемінде һижри
IV-V ғасырлардан басталады. Ислам ғұламалары бұл жай-
лы көптеген құнды еңбектер жазып, мәуліттің дініміздегі
орнын анықтауға тырысқан. Қазіргі таңда бұл мерекені
бір-екі мемлекеттен тыс барлық ислам әлемі ерекше
атап өтеді. Мерекеде Алла Тағаланың кәламы – қасиетті
Құран оқылып, пайғамбарымыз жайлы мадақ өлеңдер
мен жырлар, салауаттар айтылып, сәлем жолданады.
Пайғамбарымыздың өнегелі өмір жолы барынша қыр-
сырымен насихатталып, үмбетінің Алла елшісіне (с.а.у.)
деген сүйіспеншілік сезімдері одан әрі күшейтіле түседі.
Мүмкіндікке қарай қасиетті мәуліт күнін себеп етіп
жұртқа сусын, тамақ таратып, сыйлықтар беріп, басқа да
игі шаралар атқаруға болады. Мәуліт мерекесін атап өтуді
дұрыс деген ғалымдардың бәрі бірауыздан бұл мерекені
атап өту барысында шариғатқа қайшы іс-әрекеттердің
орын алмауын шарт қосуда.
Мәуліт
мерекесіне
байланысты
дәлелдерді
жазбас бұрын бұл мерекені арнайы атап өтудің
пайғамбарымыздың хадисіндегі
«...Кейіннен (дінде)