Previous Page  244 / 288 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 244 / 288 Next Page
Page Background

244

Дін мен Діл

жасау»

деп, нәпсілерінің қалауларына қарай тәпсірлейді.

Тіпті олардың кейбіреуі Құранның:

«....Араққа

жақындамаңдар»

305

деген мағынадағы аятын былай

ысырып қойып,

«Не айтқандарыңды білмейтіндей мас

күйде намазғажақындамаңдар»

306

делінген үкімі мәнсұх

аятты мас болмайтындай ішуге боладыға тәпсірлеп, Алла

елшісінің

«Барша мас қылатын нәрсе араққа жатады.

Ал арақтың азы да, көбі де харам»

307

деген хадистерін

жоққа шығарады. Бүкіл ислам үмбетінің

«Әйелдерге

мәһірін беріп, некелесіңдер»

деп түсінген Құран аятта-

рын

«әйелдерге ақыларын беріп қосылыңдар»

деген-

дей мағынада теріс тәпсірлейді. Сосын бөгде әйелмен

ақшасын төлеп уақытша некелесіп, ойнас жасауға

боладыға келтіріп, уақытша некелесудің анық харамдығын

білдірген хадистерді жоққа шығару арқылы харамнан жол

табуға тырысады. Тағысын тағы...

Ислам тарихында жүйелі түрде болмаса да, Алла

елшісінің сүннетіне қарсы шығу әрекеті сахабалар за-

манында орын алғанын байқаймыз. Оған Имран ибн

Хусайнның (р.а.) басынан өткен мына бір оқиға дәлел:

Имран ибн Хусайынның жанында хадистер негізінде

шапағат мәселесі сөз болып жатыр еді. Сонда отырған бір

кісі:

«Уа, Әбу Нүжәйд! Сіз бізге хадистерді түсіндіріп

жатырсыз. Бірақ біз бұған байланысты Құраннан бір

негіз таппадық», – деді. Сонда Имран ашуланған күйде

әлгі кісіге былай деді:

– «Сен Құранды оқыдың ба?».

– «Иә».

– «Ендеше, Құранда құптан намазының төрт

305

«Маида»

сүресі, 90-аят.

306

«Ниса»

сүресі, 43-аят.

307

әт-Табарани, әл-Мұғжамул-әусат, 8-том, 53-бет.

«Дәрул-

харамайн»

баспасы. Каир қаласы, һижри 1415 ж.