Previous Page  207 / 288 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 207 / 288 Next Page
Page Background

207

Дін мен Діл

мәкрүһ екенін білдіреді де егер біреу тәуассул жасап жат-

са, оны

«инкар»

ете алмаймыз деген

262

.

«Инкар»

ете алмай-

мыз дегені – тәуассул жасаған адамға сенікі дұрыс емес,

адасып жүрсің дегендей сөздермен қарсы шығалмаймыз

дегені. Мұхаммед ибн Абдулуәһһабтың тәуассулге байла-

нысты ұстанымы мынау:

«Жаратылғандардан жәрдем тіленбейді»

деген

сөздеріне қарамастан кейбір ғалымдардың жаңбыр

дұғасына байланысты түсіндірме берген кезде

«Салиқалы құлдардың құрметіне тәуассул жасаудың

сөкеттігі жоқ»

деулері әрі Ахмад ибн Ханбалдың

«Пайғамбарымызбен (с.а.у.) тәуассул жасаудың

ағаттығы жоқ»

деген сөздері жайлы Мұхаммед ибн

Абдилуаһһабтан адамдар сұраған еді. Ол бұл сұраққа бы-

лай деп жауап берген:

«Екеуінің (жаратылғаннан жәрдем тілеу мен

тәуассул жасаудың) арасындағы айырмашылық

өте анық. Мұның біз қозғап отырған тақырыппен

мүлде қатысы жоқ. Кейбір ғалымдардың салиқалы

құлдармен тәуассул жасауға, ал бағзыларының тек

пайғамбарымызбен ғана тәуассул жасауға рұқсат

берулері және көпшілік ғалымдардың тәуассулды

мәкрүһ санаулары, бұлардың бәрі фиқһ іліміне қатысты

болғандықтан, тақырыбымыздан тыс болмақ. Біздің

таңдауымыз көпшілік ғұламалардың мәкрүһ деген

көзқарасы болса да

263

, тәуассул жасаған адамға қарсы

шыға алмаймыз. Себебі, ижтиһади мәселелерде қарсы

шығу дұрыс емес.

262

Юсуф әл-Қардауи, фусулун фил-ақидати байнас-сәлафи уәл-

халаф, 265-бет.

«Мәктабату уәһба»

баспасы, Каир қаласы,

2006ж.

263

Мұхаммед ибн Абдилуаһһабтың

«тәуассул – көпшілік ғұламалар

бойынша «мәкрүһ»»

деген пікіріне келіспейміз.