205
Дін мен Діл
сахабалардың жаңбырдың жаууы үшін Алланың сүйікті
құлы Мұхаммед пайғамбарымыздың дұға етуін өтінулері
де – тәуәссулға жатады. Және тек қана Алла Тағаладан
тілеу керек деген қағидаға да қайшы емес.
Демек, кейбір адамдардың Алла жанындағы
мәртебелері мен дәрежелері дұғаның қабыл болуына себеп
болғандықтан сахабалар осылай істеген. Сахабалардың
бұл ісін ешкім Аллаға серік қосу деп қараламаған.
Кейбір адамдардың тәуәссулға қарсы шығулары
– олардың Ұлы Жаратушыға серік қосып алмау үшін
жасаған аса сақтықтарынан туындаған. Бұған қоса, кейбір
адамдардың тәуәссул жасаудағы шариғи өлшемдерді
сақтай алмай шектен шығып, Алладан емес, тікелей
басқадан сұрап, серік қосулары олардың исламдағы
тәуәссулді жоққа шығаруларына себеп болған. Бірақ
жоғарыда айтылған хадистер мен сахабалардың жасаған
істерінен тәуәссулдың Аллаға серік қосу еместігін
түсінеміз. Ал астамшылдық жасап, шариғаттан шылыс
кеткендерге дұрыс тәуассулдің шарттарын түсіндіруіміз
ләзім.
Тәуәссулді жоққа шығаратын кейбір жандар
«Зүмәр»
сүресіндегі мүшріктердің
«Біз оларға (пұттарға) тек
бізді Аллаға жақындатулары үшін ғана ғибадат
етеміз»
деп айтатындықтарын дәлел көрсетіп, тәуәссул
де Аллаға жақындау үшін жасалатын болғандықтан,
ол да Аллаға серік қосу болып саналады деуде. Алайда
аятта қолданылған сөздерге үңілсек, оның тәуәссулмен
ешқандай байланысының жоқ екенін аңғарамыз. Аятта
мүшріктердің Аллаға жақындау үшін пұттарға тікелей
табынып, ғибадат ететіндіктері баяндалған. Яғни,
пұттардың ризалығы үшін құрбан шалып, олардың ал-
дында тағзым ететіндіктері білдірілген. Ал шариғаттағы
рұқсат етілген тәуәссулде салиқалы адамға ешқандай та-