Previous Page  199 / 288 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 199 / 288 Next Page
Page Background

199

Дін мен Діл

болғаннан кейін яки, жалпы тәуассул жасауды тыйған

әлсіз де болса ешбір тікелей тыйымы жоқ. Екіншіден,

Омар өз аузымен қайтыс болған кісімен тәуассул жасауға

болмайтындығын ашып айқын айтқан емес. Үшіншіден,

хазірет Омар пайғамбардың немере ағасы Аббаспен

тәуассул жасау арқылы пайғамбарымыздан басқа да

жандармен тәуассул жасауға болатындығын білдіруі де

мүмкін. Төртіншіден, Омардың Аббаспен тәуассул жа-

сауы, оның Алла елшісіне туысқан болғандығы үшін.

Яғни, бұл тәуассул бір қырынан Алла елшісімен жасалған

тәуассулға жатады. Бесіншіден, Омардың Аббаспен

тәуассул етіп жаңбыр сұрауының себебін Ибн Абдил-

Барр өзінің

«әл-Истиъаб»

атты еңбегінде былай деп

түсіндіреді:

«Рәмада кезінде Омардың заманында қатты

құрғақшылық болды. Бұл һижри он жетінші жыл еді.

Каъб: «Уа, мүміндердің басшысы! Исрайл ұрпақтары

мұндай жағдайға тап болғанда, пайғамбарлардың ең

жақын туысқандарының құрметіне жаңбыр сұраушы

еді»,-деді. Омар: «Мынау Алла елшісінің немере ағасы,

әкесінің бауыры, Һәшім ұрпақтарының мырзасы Аббас

тұр ғой» деп, оған барып жағдайды айтты»

254

.

Тағы бір айта кететін жайт тәуассулға қарсы

шыққандардың айтқанындай, Омар тек Аббасты

шақырып алып жаңбыр жаууы үшін дұға жасатумен ғана

шектелмеген. Өзі де Аббастың құрметі үшін жаңбыр

сұраған. Себебі, Омар өзінің жоғарыдағы дұға мәтінінде:

«Пайғамбарымыздың дұғасымен тәуассул жасаушы

едік, енді оның немере ағасы Аббастың дұғасымен

тәуассул жасаймыз»

деп, дұға сөзін қосып айтпаған.

Сондықтан

«дұға»

сөзін қосу – бұл жорамалға саналады.

Ал сөзді тура түсінуге мүмкіншілік бар жерде жорамал

негіз емес.

254

Мұхаммед Зәһил әл-Кәусари, Мақалатул-Кәусари, 341-бет.

«әл-

Мәктабутут-тәуфиқия»

баспасы, Каир қаласы.