Previous Page  190 / 288 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 190 / 288 Next Page
Page Background

190

Дін мен Діл

1. Алла Тағаланың көркем есімдерін себепкер етіп,

мысалы,

«Рахман есіміңнің құрметіне»

деп тәуассул

жасау. Бұл жайлы Құранда:

«Ең көркем есімдер Алла

Тағалаға тән. Ендеше, Оның есімдерімен дұға

етіңдер»

241

делінеді.

2. Басқа бір салиқалы кісіден өзі үшін дұға етуін

өтіну түрі. Қазақтағы бата сұрау үрдісі де тәуассулдың

осы түріне жатады. Мысалы, сахабалар құрғақшылық-

та жаңбыр жаууы үшін пайғамбарымыздың дұға етуін

өтінген. Сондай-ақ, кейбір сахабалар тәніндегі кейбір

ауруларынан айығу үшін пайғамбарымыздан (с.а.у.)

дұға етуін сұрағаны жайлы көптеген сахих хадистер бар.

Айша анамыз күнәсінің кешірілуі үшін пайғамбарымыз-

дан (с.а.у.) Алла Тағалаға дұға етуін өтінген. Тіпті,

Құранда мұсылмандарға жасаған күнәларының кешір-

ілуі үшін пайғамбарымызға келіп, одан Алла Тағалаға

дұға етуін өтінудің абзалдығы жайлы айтылады

242

.

3. Салиқалы ізгі істерді себепкер етіп дұға жа-

сау. әл-Бухари және Мүслимде келген сахих хадисте

Пайғамбарымыз (с.а.у.) үш кісінің жолаушылай бір

үңгірге кіріп, кейіннен ол үңгірдің аузына үлкен тас құ-

лап, үңгірді жауып қалғанын айтады. Бұл үш кісі үңгірдің

аузындағы тастың ашылуы үшін өздерінің өмірлерінде

істеген ең ізгі істерін айтып:

«Уа, Алла Тағалам, егер менің

істеген осы ісім тек Сенің разылығың үшін болса, бізді

осы мүшкіл жағдайдан құтқар»

деп жалбарынады.

Біріншісі өзінің тек Алланың разылығы үшін әке-

шешесіне жасаған ерекше жақсылығын айтып дұға ет-

кеннен кейін үңгірдің аузындағы тас азғантай ашыла-

ды, екіншісі де өзінің өмірдегі салиқалы бір ісін айтып

жалбарынғаннан кейін үңгірдегі тас адамның денесі сый-

241

«әл-Ағраф»

сүресі, 80-аят.

242

«Ниса»

сүресі, 64-аят.