187
Дін мен Діл
«сәлем салу»
ғибадат ету, табыну мақсатында болса, онда
харам әрі ширк екендігінде шүбә жоқ.
Сөз түйіні, құрмет ниетімен сәлем салу исламда
харам яки Алла Тағалаға серік қосуға жатпайды. Бұл
– қазақтың әдет-ғұрпы. Діни міндет те емес. Қазақ
келіндерінің ешбірі табыну мақсатында сәлем салмайты-
ны баршаға мәлім. Ендеше, ғасырлардан бері ислам дінін
жетік білген ғұламалардың көз алдында жалғасын тауып
келе жатқан бұл әдетті ширкке балап, елдің шырқын
бұзу – әсте дұрыс емес.
Тағы бір қаперге алатын жайт, келіннің ата-енесі мен
сол әулеттің үлкендеріне құрмет көрсетіп, ізет білдіруі –
тек қана сәлем салумен өлшенбейді. Оның жеке басының
имандылығы мен бойындағы басқа да адамгершілік
қасиеттерін басты назарда ұстаған жөн.