Previous Page  154 / 288 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 154 / 288 Next Page
Page Background

154

Дін мен Діл

Негізінде, бұл мәселені әдейі көтеру, осы төңіректе

сұрақты көбейтіп, қоздату, оны өзекті мәселеге айнал-

дыру – бидғат. Имам Мәлик бұл мәселені сұрап келген

адамға былай деп жауап бермеп пе еді:

«Истиуа бұл

белгісіз емес. Ал оның қандайлығы ақыл білетін жайт

емес. Басқа риуаятта: қалайлығы (белгілі бір кейіп)

Аллаға жүрмейді. Бұған иман келтіру – уәжіп. Ал бұл ту-

ралы сұрау – бидғат»

188

.

Иә, имамМәлік бұл мәселені бір рет сұраған адамның

өзін бидғатшыға балап, оны отырған жерінен шығарып

жіберуді айтқан. Кім білсін, имам Мәліктен бұл мәселені

сұраған адамның жаман ниеті болмаған да шығар. Соған

қарамастан имам Мәліктің берген жауабы осы еді. Ал

енді ешкім сұрамаса да осы мәселені даурықтырып,

мұсылмандар

арасындағы

тыныштықты

кетіріп

жүргендерге не деуге болады? Тіпті реті келсе де, кел-

месе де, арнайы кітап, аудио, видео өнімдерін халыққа

таратып, мұны өзекті мәселеге айналдырғандарды Имам

Мәлік көрсе не дер еді? Жауабын сіз беріңіз!

Бұл тақырып алғаш түсіндірілер исламның негізгі

тақырыбы емес. Қазақ халқы ғасырлар бойы мұсылман бо-

лып, намаз оқыса да, бұл мәселелерді көбі әлі күнге дейін

білмейді. Өйткені бұл тақырыпты ғұламаларымыз өзекті

мәселеге айналдырып, халықтың басын қатырмаған.

Сұрақта сұралғандай, бұл тақырып бүгінгі таңда

әлгіндей бауырларымыздың кесірінен өзекті мәселеге

айналып, қарапайым халық арасында бөлінушілік пайда

бола бастаған соң ғылыми тұрғыда ақ-қарасын ажыра-

тып, мәселені түсіндіруге тура келіп отыр.

188

Мұхаммед Наъим Мұхамед, әл-Қанун фи ъақайдил-фирақи

уәл-мәзаһибил-исламия, 417-бет.

«Дәрус-салам»

баспасы, Еги-

пет, 2007 ж.