150
Дін мен Діл
халаф ғалымдарының көзқарасы қысқаша осы.
Байқағанымыздай, сәлаф ғалымдары болсын, ха-
лаф білгірлері болсын барлығының мақсаты – Алла
Тағаланы жаратылыстарға тән кемшіліктерден пәктеп,
ұлықтығына бас ию. Олардың тәсілдері түрлі болғанымен
мақсаты біреу. Сәлаф
«мұндай сөздердің тура мағынасы
Алла үшін мүмкін емес. Бұл сөздердің Алла Тағаланың
ұлықтығына лайық мағынасы бар, бірақ біз оны нақты
білмегендіктен ауыспалы мағынасын таңдап, тәуил жа-
самаймыз»
деп, ақылдарына тоқтау салу арқылы толық
мойынұсынушылыққа барған. Ал халаф болса, Құран
араб тілінде түскендіктен, онда арабтардың өз араларын-
да қолданатын ауыспалы мағынаны білдіретін тәсілдері
мен астарлы мәнді меңзейтін әдістері де қолданылған.
Сондықтан белгілі бір ағзаны яки жаратылыстарға тән
іс-әрекеттерді білдіретін сөздердің тура мағынасын
Алла Тағалаға қолдануға болмайтындықтан, олардың
ауыспалы мағынасы мен астарлы мәніне қарай жорамал-
дау қажет деген. Жасалған жорамал, таңдалған мағына
Құранның анық аяттарында білдірілген Алла Тағаланың
ұлықтығына лайық сипаттарына сай жүргізілгендіктен,
тәуил жасауды қате санамаған.
Әсілінде, халафтар ғана емес, сәлафтар да жо-
рамал жасап, тәуилге барғанын айта кеткеніміз жөн.
Сәлафтардың мұндай сөздерге тек қана иман етеміз
деумен шектелмей, олардың тура мағынасы Алла үшін
мұрат емес деуі – қысқа тәуилге жатады. Ал халафтардың
мұндай сөздердің тура мағынасының мұрат еместігін ай-
тумен қатар, мүтәшабиһ сөздердің Алланың ұлықтығына
сай келетін ауыспалы мағынасын таңдауы – кеңейтілген
тәуилге жатады. Бұл жайлы Ханафи мәзһабының белді
ғалымы Али ибн Сұлтан Мұхаммед Мұлла әл-Қари бы-
лай дейді:
«Сәлаф та, халаф та тәуил жасаған. Себебі,