146
Дін мен Діл
жауап беруі ауыспалы мағынада Алланың жомарттығы
мен шексіз дархандығын білдіретіндігін Ибн Кәсир
тәпсірінде кеңінен түсіндірген
169
.
Расында да,
«Алланың екі қолы да ашық»
дегеннен
кейінгі аяттың
«Қалағанына қалағанынша (ризығын)
береді»
деп жалғасуы – аяттағы екі қолдың мүше
ретіндегі қол емес, керісінше, бүкіл болмысқа иелік еткен
Ұлы Жаратқанның шексіз дархандығын айқын білдіріп
тұрған жоқ па? Мұны арабты былай қойғанда, жалпы тіл
түсінетін кез келген адамның түсінуі қиын емес. Ендеше,
мұны мүтәшабиһ аятқа қатысы жоқ деуге әбден негіз бар.
Себебі, аят оқылғанда оның тура мағынасы емес, бірден
ауыспалы мағынасы ойға оралады. Сондай-ақ еврейлердің
«Алланың қолы байлаулы»
деген жалаларына жауап
ретінде келген аяттың
«Алланың қолы ашық»
деп же-
кеше түрде емес,
«екі қолы да ашық»
деп берілуі – Ұлы
Жаратушының жомарттығының шексіздігін білдіру үшін.
Әйтпесе, белгілі бір санды көрсету мақсатында емес.
Ибн Кәсир:
«Сендер қайда болсаңдар да Алла
сендермен бірге. Алла Тағала сендердің не істеп
жатқандарыңды толық көруші»
170
деген аятты былай
деп тәпсірлеген:
«Ол сендерді бақылаушы әрі істеген істеріңді толық
көреді. Жерде яки теңізде болсаңдар да, күндіз болсын,
түнде болсын немесе үйде яки түзде болсын мұның бәрі
оның ілімінде бірдей деңгейде. Мұның бәрі оның көруі мен
естуінің шеңберінде. Сондықтан Ол сендердің сөздеріңді
толық естіп, орындарыңды толық көреді. Жасырын,
көмескілеріңді де біледі»
171
.
169
Ибн Кәсир, Тафсирул-Құранил-азим, 2-том, 74-бет,
«Маида»
сүресінің 64-аятының тәпсірі.
«Дарул-Кутубил-илмия»
баспасы,
Бәйрут, 1997ж.
170
«Хадид»
сүресі, 4-аят.
171
Ибн Кәсир, Тафсирул-Құранил-азим, 4-том, 280-бет.
«Дарул-
Кутубил-илмия»
баспасы, Бәйрут, 1997ж