145
Дін мен Діл
уахиымызбен жаса»
164
деген аятындағы
«көз алдымыз-
да»
дегенді көру мүшесі ретіндегі көз емес, ауыспалы
мағынада
«Кемені қадағалауымызбен әрі уахи арқылы
үйретуіміз бойынша жаса»
деген мәнде тәпсірлесе
165
,
«Раббыңның үкіміне сабыр ет. Өйткені сен біздің
көз алдымыздасың»
166
деген аятты
«Сен олардың
саған жасаған қиындықтары мен шектірген жапала-
рына сабыр ет. Өйткені сен біздің қадағалауымыз бен
қорғауымыздасың, Алла сені адамдардан қорғайды, қам
жеме»
деген мағынада тәпсірлеген
167
.
Ал
«Маида»
сүресіндегі:
«Алланың қолы
байлаулы
дейді
яһудилер.
Өздерінің
қолы
байлансын! Осы сөздері үшін Алланың рақымынан
қағылып, лағынеттелсін! Жоқ, тіптен олай емес.
Керісінше, Алланың екі қолы да ашық. Қалағанына
қалағанынша (ризығын) береді»
168
делінген аятты Ибн
Кәсир былай деп тәпсірлеген:
«Әли ибн Әби Талханың
жеткізуі бойынша Ибн Аббас былай деген: «Еврейлер
бұл сөздерімен Алланың қолы шынымен де байлаулы
дегенді меңзеп тұрған жоқ. Бірақ олар бұл сөздерімен
«Алла сараң, сараңдығынан құзіретіндегіні бермеді
деп отыр. Алла олардың бұл сөздерінен пәк. Аяттағы
«Алланың қолы байлаулы»
деген сөйлем арқылы ауыспа-
лы мағынада
«сараңдықтың»
меңзелгені Мүжаһид, Ъа-
крама және Қатада, Судди, әд-Даххактан да риуаят етілді.
Еврейлердің.
«Алланың қолы байлаулы»
деген жалала-
рына Алла Тағаланың
«Керісінше, Алланың екі қолы да
ашық. Қалағанына қалағанынша (ризығын) береді»
деп
164
«һүд»
сүресі, 37-аят.
165
Ибн Кәсир, Тафсирул-Құранил-азим, 3-том, 420-бет.
«Дарул-
Кутубил-илмия»
баспасы, Бәйрут, 1997ж
166
«Тұр»
сүресі, 48-аят.
167
Ибн Кәсир, Тафсирул-Құранил-азим, 4-том, 224-бет.
«Дарул-
Кутубил-илмия»
баспасы, Бәйрут, 1997ж
168
«Маида»
сүресі, 64-аят.