140
Дін мен Діл
Мүслимнің жинағында Мұғауия ибн әл-Хакам әс-
Сулламиден риуаят етілген ұзын хадистің соңғы жағында
былай делінеді:
«Менің бір күңім бар еді. Қойларымды
Ұхұд пен әл-Жаууаания таулары жақта жаятын. Бір
күні жайып жүрген қойларының біреуін қасқырдың
сүйреп бара жатқанын байқадым. Адам баласымын
ғой, ел секілді мен де ашуланып, қайғырамын. Әлгі
күңімді бір қойдым. Сосын пайғамбарымыздың жаны-
на келдім. (Болған жайды айтып бердім). Ол маған бұл
істің үлкен күнә екенін айтты. Мен: «Уа, Алланың
елшісі! Күңіме азаттығын берейін бе?», – дедім. Ол
маған: «Күңіңді алып келші», – деді. Сөйтіп мен күңімді
Пайғамбарымызға алып келдім. Пайғамбарымыз оған:
«Алла қайда?», – деп еді, ол: «Аспанда», – деп жауап
берді. Пайғамбарымыз: «Мен кіммін?», – деді. Ол: «Сен
Алланың елшісісің» деп жауап қайырды. Содан кейін
пайғамбарымыз (с.а.у.) маған: «Басына азаттық бер,
мұсылман екен», – деді».
Имам ән-Нәуауий осы хадиске қатысты былай деп
түсіндірме берген:
Бұл хадис
«ахадисус-сифатқа»
(Алланың сипатына
қатысты хадистер) жатады. Мұндай мәселеге қатысты
екі көзқарас бар. Бұл екі көзқарас жайлы
«иман»
тара-
уында талай рет айтылды. Біріншісі, Алла Тағалаға еш
нәрсенің ұқсамайтынын әрі Оның жаратылғандарға тән
ерекшеліктерден пәк екеніне сене отырып, айтылған
сипаттың мағынасына кірместен жалпылай иман келтіру.
Ал екіншісі, Аллаға лайық келетін кейіпте жорамалдау.
Бұл көзқарастағылар былай дейді:
«Пайғамбарымыз
«Алла қайда?» деуі арқылы оның бір Аллаға сеніп,
сенбейтінін анықтағысы келді. Яғни, барлық жара-
тылысты басқарып әрі барлық істі істеп тұрған
жаратушының жалғыз Алла екендігіне, намаз оқығанда