137
Дін мен Діл
қалауымызға қарай) олардың жорамалын жасаймыз
деп мүтәшабиһ аяттардың соңына түседі»
деген аят
жалпы тәуил жасауға тыйым емес. Бұл тыйым – аятта
анық білдірілгендей адамдар арасында бүлік шығару
үшін мүтәшабиһ аяттардың мағынасын өз қалауларына
қарай бұрып, мағынасы айқын мұхкам аяттардың
білдірген үкімдеріне қайшы жорамал жасайтындарға
арналған тыйым. Сондықтан олар мүтәшабиһ аят-
тарды мағынасы айқын мұхкам аяттардың аясында
уа һәм бүлік іздеп, қыңыр пікірді дәлелдеу үшін емес,
ақиқатты тану үшін тәуил жасауға әбден болады деген
тұжырымға барған. Қысқасы, тура мағынасы белгілі бір
ағзаны яки жаратылысқа тән іс-әрекеттерді білдіретін
аяттарды жорамалдауға болады дейтіндер мұндай аят-
тарды мүтәшабиһ аяттардың қатарына қоспайды, ал
қосқан жағдайда да жоғарыда білдірілгендей оның
мағынасын ғылымда тереңдегендер де біледі деген
пікірге сүйенеді.
Ғұламалардың хабари сипаттарға
жасаған жорамалдарынан бірер мысал
Атақты имам Мұхиддин ән-Нәуауий өзінің
Мүслимнің
«Сахихына»
жазған
«әл-Минһәж»
атты кең
түсіндірмесінің бірқатар жерінде мүтәшабиһ хадистер-
ге түсіндірме беріп, жорамал жасағанына куә бола-
мыз. Біз олардың барлығын бұл жерде бере алмайтын
болғандықтан мысал ретінде екі-үш хадиске жасаған
түсіндірмесін келтіріп отырмыз.
Имам ән-Нәуауий Пайғамбарымыздың (с.а.у.):
«Адам ұрпақтарының жүректерінің бәрі әр-
Рахманның саусақтарының екі саусағының арасында
бір ғана жүрек тәрізді тұрады. Оны қалаған жағына
төңкеріп, бұрады. Сосын Пайғамбарымыз былай деді: