Previous Page  136 / 288 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 136 / 288 Next Page
Page Background

136

Дін мен Діл

Одан кейінгі

«және ғылымда тереңдегендер де, «Біз бұл

кітапқа (мұхкамі мен мүтәшабиһына) толықтай иман

келтірдік. Барлығы Алланың құзырынан» дейді»

де-

ген аят жаңа сөйлем болып басталады. Сөйлем бұл жер-

ден басталған жағдайда ғылымда тереңдегендер

«Біз

бұл кітапқа (мұхкамі мен мүтәшабиһына) толықтай

иман келтірдік. Барлығы Алланың құзырынан»

деп,

мүтәшабиһ аяттардың мағынасын білмейтіндіктерін

мойындап, терең бойұсынушылықпен иман келтіреді де

жорамал жасаудан бас тартады деген мағына шығады.

Сәлафус-салихиндердің көбісі тура мағынасы белгілі бір

ағзаны яки жаратылысқа тән іс-әрекеттерді білдіретін

аяттар – жоғарыда білдірілген мүтәшабиһ аяттарға

жататындығын алға тартып, оны жорамалдауға болмайды

деген көзқарасты ұстанған.

Ал екінші топ ғұламалар мүтәшабиһ аяттардың

мағынасын ғылымда тереңдегендер де біледі, сондықтан

жорамалжасауға боладыдеген көзқарастыұстанады. Олар

да жоғарыдағы аятты өз көзқарастарына басқа қырынан

дәлел ретінде келтіреді. Олар

«Шын мәнінде, оның

нақты жорамалын тек Алла біледі»

деген тұстан емес,

«және ғылымда тереңдегендер де»

деген жерден бір-ақ

тоқтап, сөйлемді осы жерден аяқтайды. Сөйлем бұл жер-

ден аяқталған жағдайда

«мүтәшабиһ аяттардың жора-

малы мен мұрат болған мағынасын Алла және ғылымда

тереңдегендер де біледі»

деген мағына шығады. Ал оның

жалғасында келетін

«Біз бұл кітапқа (мұхкамі мен

мүтәшабиһына) толықтай иман келтірдік. Барлығы

Алланың құзырынан» дейді»

деген аят жаңа сөйлем бо-

лып басталады.

Екінші пікірді ұстанатындардың көзқарасы бойынша

«Жүректерінде қыңырлық бар жандар қалай бүлік

шығарып (адамдарды адастырамыз һәм қалай нәпсі