142
Дін мен Діл
қажетін өз құдайынан сұрайды. Ал аспан болса, жалғыз
Аллаға сенетіндердің дұға, тілектерінің құбыласы. Міне,
сондықтан оның неге иман келтіретінін анықтағысы
келді. Сөйтіп оның түсінетін тілімен сөйлесті. Сосын
ол жалғыз Аллаға иман келтірушілердің дұға жасаған
уақытта қолдарын жаятын аспанды ишарат етті.
Құбылаға бет бұру – Алла Тағаланың қағбамен шектеулі
екенін көрсетпейтіні секілді, Аллаға иман келтірушілер-
дің дұға жасаған уақытта қолдарын жаятын аспанды
меңзеу де Оның белгілі бір жақта әрі аспанмен шектеулі
екенін де білдірмейді»
156
.
Жоғарыдағы
хадистердің
түсіндірмелерінен
байқағанымыздай,
имам
ән-Нәуауий
мүтәшабиһ
хадистерді Алла Тағаланың ұлықтығына лайық мағынада
жорамалдауға болатындығын араб тілі тәсілдерінен мы-
салдар бере отырып айшықтаған.
Атақты хадис ғылымының майталман шебері,
мәшһүр ғалым Ибн Хажар әл-Асқалани да өзінің Имам
Бұхаридың
«Сахихына»
жазған
«Фатхул-Бари
» атты кең
түсіндірмесінің бірқатар жерінде мүтәшабиһ хадистер
мен аяттарға тәуил жасағандығын байқаймыз. Мысалы,
Пайғамбарымыздың (с.а.у.):
«Құлым маған бір қарыс
жақындаса, мен оған шынтақтай жақындаймын,
ал ол маған шынтақтай жақындаса, мен оған бір
құшақ жақындаймын. Ал ол маған жүріп келсе,
мен оған жүгіріп барамын»
деген Ұлы Жаратушы-
дан риуаят еткен қудси хадисіндегі
«Құлдың Алла
Тағалаға қарыс, құшақ мөлшерінде жақындауын және
Аллаға қарай жүріп келуін»
құлдың Аллаға ғибадат,
құлшылық арқылы рухани жақындауын, ал
«Алланың
156
Мұхаммед Наъим Мұхамед, әл-Қанун фи ъақайдил-фирақи уәл-
мәзаһибил-исламия, 403-бет.
«Дәрус-салам»
баспасы, Египет,
2007 ж.