Previous Page  143 / 288 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 143 / 288 Next Page
Page Background

143

Дін мен Діл

шынтақтай, құшақ мөлшерінде жақындауын және

Алланың құлына қарай жүгіруін»

Алланың құлына де-

ген рақымдылығының тездігі әрі сауабының еселеніп,

мол беретіндігі әдәби тәсілмен ауыспалы мағынада ай-

тылып тұрғандығын білдірген. Кітапта аталмыш хадисте

қолданылған сөздердің тура мағынасы емес, ауыспалы

мағынасын таңдап, жорамал жасаған Ибн Баттал Табари

сынды ғалымдардың пікірлерін жеткізген

157

. Сондай-

ақ Ибн Хажар Асқалани Алла елшісінен жеткен хадис-

тердегі

«құлдарының жасаған тәубасына Алланың

қуануын»

ауыспалы мағынада

«Алланың разылығы» деп

түсіндірген. Әл-Хаттабидың және Ибн Әби Жамраның:

«Адамдар үшін қолданылатын «қуануды» Алла Тағала

үшін қолдануға болмайды, бұл жерде ауыспалы мағынада

«Алланың разылығын» білдіріп тұр»

деген мәндегі

сөздерін келтірген

158

.

Бағзы ғалымдар мүтәшабиһ аят-хадистердегі

Ұлы Жаратушының сипаттарына қатысты жасалған

жорамалдың араб тілі қолданыстарына жақын келген

жағдайда жорамал жасаудан тартынбаған. Ал араб тілі

қолданыстарынан алыс көрінген тұстарда аят, хадистер-

де айтылғандарға жалпылай иман келтіріп, мағынасын

Аллаға тапсыру арқылы орта жолды ұстануға тырысқан.

Бұл жайлы ибн Дақиқил-ъид былай дейді:

«Мүшкилә

(мағынасы айқын емес) сипаттарға қатысты біздің

ұстанымыз былай: «Мұндай сипаттар Алла Тағаланың

мұрат еткен мағынасы бойынша ақиқат әрі шын. Кімде-

кім мұндай сипаттарды жорамалдап, тәуил жасаса,

оның жасаған жорамалына қараймыз. Егер жорамалы

157

Ахмад Ибн Али ибн Хажар әл-Асқалани, Фатхул-Бари би

шархил-Бухари, 15-том, 490-493 беттер.

«Дарул-фикр»

баспасы,

Бәйрут, 2000 ж.

158

Ахмад Ибн Али ибн Хажар әл-Асқалани, Фатхул-Бари би шархил-

Бухари, 12-том, 385-бет.

«Дарул-фикр»

баспасы, Бәйрут, 2000 ж.