Previous Page  138 / 288 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 138 / 288 Next Page
Page Background

138

Дін мен Діл

«Уа, жүректерді (қалаған жағына) бұрушы Аллам!

Біздің жүректерімізді өзіңе деген тағат-ғибадатқа

қарай бұра гөр!»

делінген хадисіндегі адамдардың

жүректерінің Алла Тағаланың екі саусағының арасында

болатындығына байланысты былай дейді:

«Бұл хадис «Ахадисус-сифатқа» (Алла Тағаланың

сипаттарына қатысты мүтәшабиһ хадистер) жатады. Бұл

жерде алдында айтылған екі пікірге жақын екі көзқарас

бар.

Біріншісі, бұған ешбір жорамал жасамастан

әрі ондағы сөздің мағынасының бізге беймәлім

екендігін мойындай отырып иман келтіру. Яғни, оның

ақиқаттығына иман келтіру. Және хадисте қолданылған

мүтәшабиһ сөздердің тура мағынасының мұрат емес

екеніне де иман келтіру. Алла Тағала:

«Оған еш нәрсе

ұқсамайды»

дейді.

Екіншісі, хадистердегі сипатқа қатысты сөздерді

Алла Тағаланың ұлықтығына лайық түрде жорамал

жасау. Мұндай жағдайда

«Пәленше менің жұмсам

жұдырығымда, ашсам алақанымда»

делінгендей сөздің

ауыспалы мағынасы таңдалады. Мұндай сөз тіркесінде

оның шынымен-ақ алақанында екендігі емес, оның

құзіретінде екендігі білдіріледі. Және

«Пәленше менің

саусақтарымның арасында қалаған жағыма аудара-

мын»

делінген кезде де

«Ол маған толық бағынады, оған

қатысты қалағанымды істей аламын»

деген мағынаны

білдіреді.

Ендеше, бұл хадистің мағынасы:

«Алла Тағала

құлдарының және басқалардың жүректеріне қатысты

нені істеймін десе, бұл оның құзіретіне бағынышты.

Адамның екі саусағының арасындағы нәрсенің

қарсыласпайтыны секілді Алла Тағалаға да ешбір нәрсенің

қарсы келіп, ырық бермей кетуі мүмкін емес. Міне,

сондықтан Алла Тағала арабтармен өздері түсінетін