Previous Page  134 / 288 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 134 / 288 Next Page
Page Background

134

Дін мен Діл

қағидаларының шеңберінде таңдады. Сондай-ақ

таңдалған мағынаның Құранның мұхкам

151

аяттарында

анық білдірілген Ұлы Жаратушының кемел сипаттарына

сай келуін басты назарда ұстады. Яғни, мүтәшабиһ аят-

тарды мұхкам аяттардың аясында түсінуге тырысты.

Хабари сипаттарда қолданылған шынайы мәнін

айқындау күрделі келетін Алла Тағалаға қатысты

сөздердің ауыспалы мағынасы мен астарлы мәніне үңіліп,

тәуил жасаудың ғұламалар белгілеген бірқатар өзіндік

ережелері мен шарттары бар. Олар қысқаша мынандай;

1. Алланың кемелдігі мен ұлықтығына лайық бо-

луы.

2.

«Алла Тағалаға еш нәрсе ұқсамайды»

деген

секілді мағынасы айқын мұхкам аяттарға және діндегі

жалпы қағидаларға қайшы келмеуі.

3. Араб тілінің ережелері мен тәсілдері шеңберінде

жүзеге асуы.

4. Нұрлы ақылға, дұрыс қисынға қайшы келмеуі.

Мұхкам мен мүтәшабиһ аяттар

Әсілінде, мүтәшабиһ аяттың астарлы мәнін іздеп,

ауыспалы мағынасын таңдау арқылы жорамал жасауға

болмайды дейтін сәлафтар да, болады дейтін халаф-

тар да өз көзқарастарының дұрыстығына «

Әли Ғимран»

сүресіндегі мына аятты дәлел ретінде келтіреді:

«Ол

(Алла) саған Құранды түсірді. Онда мағынасы айқын

мұхкам аяттар бар. Олар Құранның негізі һәм тірегі.

Ал басқа аяттары болса, мағынасы нақты ұғынықты

емес мүтәшабиһ аяттар. Жүректерінде қыңырлық

бар жандар «қалай бүлік шығарып (адамдарды

адастырамыз һәм қалай нәпсі қалауымызға қарай)

олардың жорамалын жасаймыз»

деп мүтәшабиһ

151

Мұхкам аяттар – мағынасы айқын аяттар.