Previous Page  129 / 288 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 129 / 288 Next Page
Page Background

129

Дін мен Діл

Хужжатул-Ислам Әбу Жәғфар әт-Тахауи өзінің

мәшһүр «Тахауия ақидасында» былай дейді:

«Алла Тағала

шектеуліліктен, тіректер мен ағзалардан, құралдардан

пәк. Оны кейіннен жаратылғандар тәрізді алты жақ

(оң, сол, алдыңғы, артқы, жоғарғы, төменгі жақтар)

қамтымайды»

142

.

Абай бір өлеңінде Алланың мекенсіздігін меңзеп бы-

лай деген:

«Мекен берген халық қылған Ол Лә мәкан,

Түп иесін көксемей бола ма екен?

Және оған қайтпақсың оны ойламай,

Басқа мақсат ақылға тола ма екен?!»

143

.

Алла Тағала жайлы осы түсініктерді нақтылап

алғаннан кейін енді жоғарыдағы сұрақтың жауабы-

на оралайық. Құранның кейбір аяттары мен бағзы

хадистердегі Алла Тағалаға қатысты айтылған тура

мағынасы белгілі бір ағзаны немесе жаратылғандарға

тән іс-әрекеттер мен ерекшеліктерді білдіретін сөздерге

«мүтәшабиһ аят, хадистер»

(мағынасы анық емес аят,

хадистер) немесе

«Айатус-сифат», «Ахадисус-сифат»

(Алла Тағаланың сипаттарына қатысты аят, хадистер),

яки,

«ас-сифатул-хабария»

(хабари сипаттар – тек аят

хадистерде айтылған ақылмен біліне бермейтін Алланың

сипаттары) делінеді.

Мақаламызда бұдан әрі мұндай сипаттарға

«хабари

сипаттар»

деп көбірек қоладанамыз.

Ғұламалардың хабари сипаттарға байланысты

ұстанымдары негізінде екі бағытта өрбиді:

142

Әби Хафсин Сиражиддин Умар ибн Исхақ әл-Ғазнауий әл-

Һинди, Шархул ақидати әл-имамит-Тахауий, 88-бет.

«Дәрул-

Караз»

баспасы, Каир, 2009 ж.

143

Абай Құнанбаев, Қалың елім, қазағым, 153-бет.

«Атамұра»

баспасы, 2002 ж.