127
Құранның кейбір аяттарында
«Алланың көз алдында», «Алланың
қолы
олардың
қолдарының
үстінде» деген секілді тіркестер
қолданылған. Сондай-ақ «Адам
ұрпақтарының жүректерінің бәрі
Алланың екі саусағының арасында
тұрады..» деген хадистерді де
кездестіреміз. Аллаға қатыстырыла
айтылған көз, қол, саусақ секілді белгілі бір
ағзаны бейнелейтін сөздерді қалай түсінген
жөн? Соңғы кездері бұл тақырып мұсылмандар
арасында қызу тартысқа себеп болуда.
Тартыстың аяғы әртүрлі түсінбеушілік пен
бөлінушілікке соқтырып жатады. Осының ара-
жігін ажыратып берсеңіз.
Сауалыңызға жауап бермес бұрын Алла Тағалаға де-
ген сенімге қатысты мынандай негіздерді айта кеткенді
жөн көріп отырмын.
Алла Тағаланы ақылмен толық түсіну мүмкін емес.
Өйткені Алла Тағала шексіз, ал адамның ақылымен
қоса басқа да қабілеттері де шектеулі. Міне, сондықтан
Әбу Бәкір (р.а.):
«Алла Тағаланы толық қамтып түсіне
алмауыңды мойындауың – оны толық түсінгенің»
де-
ген. Әсілінде, адам не нәрсені де мына өмірде өзі көрген,
білген нәселерімен салыстырып барып ұғынып жатады.
Ал Алла Тағала ешбір жаратылысқа ұқсамағандықтан,
Оны қандай да бір нәрсеге салыстыру арқылы түсіну
әсте мүмкін емес. Міне сондықтан ғұламалар
«Ақылға са-