Previous Page  122 / 288 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 122 / 288 Next Page
Page Background

122

Дін мен Діл

Әбу Һурайрадан риуаят етілді. Ол былай деді:

«Бір

кісі изарының етегін төмен салбыратқан күйде намаз

оқып жатыр еді. Пайғамбарымыз (с.а.у.) оған: «Барып

дәрет алып кел», – деп бұйырды. Ол кісі біраздан кейін

дәрет алып келді. Пайғамбарымыз (с.а.у.) оған: «Тағы да

барып дәрет алып кел», – деді. Пайғамбарымызға басқа

бір кісі: «Уа, Алланың елшісі, сіз неліктен оған дәрет

алуды бұйырдыңыз, бірақ ештеңе айтпадыңыз», - деді.

Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Ол изарын жерге сүйреткен

күйде намаз оқып жатыр еді. Ал, Алла Тағала киімінің

етегін төмен салбыратып, жерге сүйреткен кісінің на-

мазын қабыл алмайды», – деп жауап берді»

127

.

Мағына

жағынан да, жеткізген кісілердің сенімділігі жағынан да

бұл хадистің

«әлсіз»

екенін ескергеніміз жөн. Мағына

жағынан әлсіздігі – егер ол кісінің шалбарының етегінің

төмен түсіп тұрғандығы үшін намазы қабыл болмайтын

болғанда, пайғамбарымыз ол кісіні дәрет алдырып әуре

қылмай-ақ, киімінің балағының ұзындығын тікелей

ескертер еді. Ал хадисті жеткізушілердің тізбегіндегі

әлсіздігіне келер болсақ, Имам Шәукани бұл хадисті

жеткізушілердің арасындағы Әбу Жағфар делінген

кісінің – белгісіз кісі екенін айтады

128

. Ал хадис ілімінде

белгісіз кісінің риуаятына сақтықпен қаралады.

Имам Шәукани өзінің

«Нәйлул-әутар»

атты

кітабында:

«Тәкаппарлану ниетінсіз киімнің балағын

127

әш-Шаукани, Нәйлул-әутар. 1-том, 312-бет.

«Дәрул-мағрифа»

баспасы, Бәйрут, 2002 ж.

128

Хадистің әлсіздігін көптеген хадис ғалымдары білдірген. Насруддин

Албани да

«әлсіз»

деп бағалаған.