Previous Page  121 / 288 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 121 / 288 Next Page
Page Background

121

Дін мен Діл

рып түсінгеніміз жөн. Жоғарыда келтіргеніміздей,

Пайғамбарымыздың (с.а.у.) заманындағы қоғамның

әдеті бойынша адамдар изарларының балағын қысқа

киетін еді. Ал ұзын етіп жерге сүйретіп киетіндер көбіне

өздерін өзгелерден жоғары санайтын тәкаппар жандар бо-

латын. Міне, пайғамбарымыз осы жағдайды ескере оты-

рып кей хадистерінде

«тәкаппарлану ниетімен ұзын

киетіндер тозақта»

деп ашып түсіндерместен

«жал-

пы ұзын киюді – тәкаппарлық»

деген. Ал енді қазіргі

таңда араб елдерінің өзінде бұл әдет өзгерген. Ал бізде

мұндай шалбардың балағын ұзын етіп киіп, өзгелерден

оқ бойы озық жүрейін деген секілді тәкаппарлық ниетті

білдіретін әдет ата заманнан болған емес. Қазіргі таңда

балағын тобықтан төмен түсіріп кигендерді көргенде

«анау тәкаппарлану үшін осылай ұзын етіп киіп алған»

деген пікір ешкімнің ойына да келмейді. Тіпті қазіргі

таңда керісінше балағын балтырына дейін қайырып, ады-

мын алшақ басқан жандарды көрген кей адамдар олардың

бұл ісін тәккаппарлыққа да балауы ғажап емес. Бұл жай-

лы Абдур-Раззақтың

«Мусаннафында»

және Бәйһақидың

«Шуғабул-иман»

атты кітабында Әюбтың (р.а.):

«Өткен

замандарда киімді ұзын етіп кию мақтан балатын. Ал

қазіргі күні киімді қысқа ету мақтан болды»

дегені ри-

уаят етілді. Ендеше, әдеттер жерге, елге, заманға қарай

өзгеретінін ескергеніміз жөн.

Егер жалпы ұзын кию тозаққа кіруге себепкер үлкен

күнә болғанда, пайғамбарымыз ең жақын досы Әбу

Бәкірдің ұзын киюіне мүлдем рұқсат бермес еді.

Ал

«изарының балағы ұзын күйде намаз оқығанның

намазы қабыл болмайды»

деген мына хадистің

дәрежесінің

«әлсіз»

екенін ескергеніміз жөн.