124
Дін мен Діл
Бұған қоса тәкаппарлық ниеті болмаса да киімді
жерге тиетіндей етіп ұзын кию – тазалық әрі киістілік
тұрғысынан да мәкрүһ. Себебі, онда киімнің былғану әрі
тез тозу жағы бар. Пайғамбарымыз бір хадисінде:
«Киіміңді жоғары көтер. Себебі, жоғары көтеріп
кию – тазарақ әрі киістірек»
133
деген.
Имам Ахмадтың:
«Тәкаппарлық ниеті болмаса,
киімді ұзын кию – харам емес»
дегені риуаят етілді.
Ибн Тәймия кісінің амалды атқарудағы ниетіне
қарай күнә яки сауап алатындығын:
«Кімде-кім көрікті
киімді сараңдық ниетімен кимейтін болса оған сауап
жазылмайды. Ал кімде-кім көрікті киімді харам са-
нап кимейтін болса күнәһар болады. Ал кімде-кім оны
Алла Тағаланың өзіне берген жақсылығы мен нығметін
көрсету әрі тағат-ғибадатқа қолдану мақсатында
кисе, сауапқа кенеледі. Ал енді кімде-кім оны мақтану
мен тәкаппарлық үшін кисе күнәһар болады. Себебі,
Алла Тағала мақтаншақтар мен тәкаппарларды
жақсы көрмейді. Міне, сол себепті Алла Тағала осын-
дай ниетпен киімді ұзын киюді харам етті»,
– деп
ашып түсіндіргенннен кейін жоғарыдағы Әбу Бәкірдің
«
Менің изарымның бір жағы егер қадағалап көңіл
бөлмесем төмен түсіп тұрады»
деген сауалына
Пайғамбарымыздың (с.а.у.):
«Уа, Әбу Бәкір! Сен оны
тәкаппарланып істейтіндерден емессің ғой»
деген жа-
уабын дәлел ретінде келтіреді»
134
.
133
Әш-шамаайлул-Мухаммадия лит-Тирмизи. Қосымша қараңыз:
Атия Сақр, Ахсанул-кәлам фил-фәтаауаа уал-әхкам, 249-бет.
«уәһба»
баспасы, Каир қаласы, 2006 ж. Ибн Хажар әл-Асқалани,
Фатхул-Бари, 11-том, 437-бет.
«Дарул-фикр»
баспасы, Бәйрут,
2000 ж.
134
Ибн Тәймия, Мәжмуғату фәтаауаа, 11-том, 442-бет.
«мәктабатул-
ъабикан»
баспасы, Риад қаласы, 1998 ж.