Previous Page  130 / 288 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 130 / 288 Next Page
Page Background

130

Дін мен Діл

Біріншісі,

көпшілік

сәлаф

ғалымдарының

көзқарастары. Сәлаф – бұрынғылар дегенді білдіреді.

Оған, ең әуелі, пайғамбарымызды көзі көрген сахабалар,

сахабаларды көзі көрген табиғиндер, табиғиндарді көзі

көрген атбағут-табиғиндер кіретіні талассыз.

Сәлаф ғалымдары хабари сипаттарда қолданылған

сөздердің ағза мағынасындағы әрі жаратылғандарға тән

ерекшеліктерді білдіретін тура мәнін қабылдамаған.

Сондай-ақ Алла Тағаланы жаратылғандарға ұқсатпастан

және мұндай сөздердің Алла мұрат еткен мағынасының

бар екенін қабылдай отырып, жалпылай иман келтірген.

Сәлаф ғалымдарының мұндай аяттардағы мүтәшабиһ

сөздердің ауыспалы мағынасын таңдап, астарлы мәніне

үңілуден бас тартуларының астарында үлкен сақтық

жатыр. Себебі, мұндай сөздердің бірнеше ауыспалы

мағынасы уә һәм бірқатар астарлы мәні болуы мүмкін

болғандықтан, оның нақты қайсысы Алла үшін мақсат

етіліп тұрғандығы белгісіз. Яғни, олардың көзқарасы бой-

ынша, Аллаға тікелей қатысты мәселелерде тәуил

144

жа-

сап, жорамалға бару – қатерлі.

Умму Сәлама анамыздан (р.а.)

«Алла сосын

аршқа

145

истиуа

146

етті»

деген аяттың мағынасы

сұралғанда:

«Қалай болатындығы ақылға сыймайды,

ал истиуа бұл беймәлім емес, бұған сену иманнан, ал

қарсы шығу – күпірлік»

147

, – деп жауап берген.

144

Тәуил жасау – сөздің астарлы мәніне үңіліп, ауыспалы мағынасын

таңдау арқылы жорамал жасау.

145

Арштың сөздіктегі тура мағынасы

«тақ»

дегенді білдіреді.

Сондай-ақ хадистерде арштың ең үлкен жаратылыс екендігі де

білдірілген.

146

Истиуа – сөзінің тура мағынасы

«отырды, орнықты, жайғасты»

дегенге саяды.

147

Абдул-Кәрим Татан, Мұхаммед Әдиб әл-Кәйлани, Аунул-мурид ли

шархи жәуһарит-таухид, 1-том, 469-бет.

«Дарул-башайр»

баспасы,

1999 ж.