128
Дін мен Діл
лып қалай пайымдасаң да Алла бәрібір одан өзгеше»
деп
ескерткен. Осы себепті әһлі сүннет ғұламалары Аллаға
«Мұхалафатул лил-хауадис»
деген ерекше сипат таңған.
Мұның мәні: Алла Тағала кейіннен жаратылғандардан
өзгеше, олардың ешқайсысына ұқсамайды дегенді
білдіреді. Бұл негіз Құранның:
«Оған (Аллаға) еш
нәрсе ұқсамайды»
137
, «Алла Тағаланың еш теңдесі
жоқ»
138
деген секілді аяттарынан алынған. Иә, Алла
Тағалаға жаратылғандардың ешқайсысы ұқсамайды.
Алла Тағаланың бар болуының белгілі бір бастауы жоқ
– әзали, соңы жоқ – мәңгі. Алла Тағала жаратады, бірақ
жарату үшін қолды да, басқа құралды да қажет етпейді.
Бұл теңдессіз құдірет Құранда былай деп түсіндірілген:
«Бір нәрсені қаласа, Оның бұйрығы «Бол!» деу ғана.
Сонда әлгі нәрсе дереу бола кетеді»
139
.
Алла Тағала көреді әрі естиді. Алайда Оның көруі
мен естуі белгілі бір ағзаға не құралға тәуелді емес.
Аллаға мекен мен заманның да ықпалы жүрмейді, себебі,
бұлар кейіннен жаратылған. Ал Алла Тағала мекен де,
уақыт та жоқ кезде бар еді. Түптеп келгенде, мекен мен
заманның өзі Алла Тағаланың билігіндегі нәрселер.
Құранның:
«Көктер мен жердегі жаратылыс кімнің
иелігінде? – деп сұра да, оларға оның бәрі Алланікі
– де»
140
деген аяты мекеннің де, оның ішіндегілердің де
Алланың иелігінде екендігін білдіреді.
Хазірет Әли:
«Алла Тағала Аршты өзіне мекен үшін
емес, керісінше құдіретін паш ету үшін жаратты»,
«Алла Тағала мекен жоқ кезде де бар еді. Ол бұрын
қалай болса, қазір де дәл солай»
141
деп, Аллаға мекен тән
еместігін білдірген.
137
«Шура»
сүресі, 11-аят.
138
«Ықылас»
сүресі, 4-аят.
139
«Иасин»
сүресі, 82-аят.
140
«Әнғам»
сүресі, 12-аят.
141
Абдул-Қаһир әл-Бағдади, әл-Фарқу бәйнәл фирақ, 234-бет,
«әл-
Мактабатуль асрия»
баспасы, Сайда-Бейрут, 2004 ж.