123
Дін мен Діл
тобықтан асырып кию – харам емес»,
– деген
129
. Ал имам
ән-Нәуауий өзінің
«әл-мәнсурат фи ъунил-мәсаайлил-
муһиммат»
атты пәтуалар жинақ кітабында былай дейді:
«
Ер азаматтардың шалбар, изар секілді киімдерінің
балағы тәкаппарлану мақсатында тобықтан төмен
түсірілсе – харам. Ал тәкаппарлану ниеті болмаса,
онда – мәкрүһ»
130
.
Балақтың тобықтан асып тұруы жайлы
ғасырымыздың фақиһ ғалымдарынан Уәһбатуз-Зухайли
де Имам ән-Нәуауийдің жоғарыдағы пікірін білдірген
131
.
Иә, тәкаппарлану мақсатында балақты тобықтан
төмен түсіру – харам. Ал басқа жағдайда – мәкрүһ. Ал
бұл мәкрүһтіктің өзі жалпылай үкім емес. Тек қоғамның
ғұрпында киімді тобықтан төмен түсіріп кию әдеті жоқ
болса және киген жағдайда халық арасында басқаша
түсініктерге себеп болып жатса ғана мәкрүһ. Ал,
керісінше, қоғамның ғұрпында шалбар балағын тобықтан
төмен түсіріп кию – әдет болса, әрі ұзын кию арқылы
ешкімнің ойына тәкаппарлану, паңдану секілді сезім
ұяламайтын болса, онда мәкрүһ емес. Бұл жайлы Ха-
физ Ахмад Ибн Али ибн Хажар әл-Асқалани
«Фатхул-
Бари би шархил-Бухари»
деп аталатын әл-Бухаридің
хадис жинағына жасаған түсіндірмесінде былай дейді:
«...Адамдардың әдеті бойынша балақты ұзын етіп
кию харам емес. Тек тыйым салынған етекті, балақты
жерге сүйретуге дейін жетпесе болғаны. Ғалым Ғиад:
киімнің ұзындығы мен кеңдігіне байланысты адамдардың
әдет еткен мөлшерінен артығының мәкрүһ екендігінде
ғұламалардың бір пікірде екенін жеткізді... »
132
.
129
әш-Шаукани, Нәйлул-әутар. 1-том, 312-бет.
«Дәрул-мағрифа»
баспасы, Бәйрут, 2002 ж.
130
Имам ән-Нәуауи, әл-мәнсурат фи ъунил-мәсаайлил-муһиммат,
102-бет.
«Дарул-ишрақ»
баспасы», Қатар, 2007 ж.
131
Уәһбатуз-Зухайли, Фәтауаа Муғасира, 312-бет.
«Дарул-фикр»
баспасы, 2003 ж.
132
Ахмад Ибн Али ибн Хажар әл-Асқалани, Фатхул-Бари би шархил-
Бухари, 11-том, 435-бет.
«Дарул-фикр»
баспасы, Бәйрут, 2000 ж.