120
Дін мен Діл
«Кімде-кімнің жүрегінде тозаңдай өркөкіректік
болса, ол кісі жұмаққа кірмейді», – деді. Сонда бір адам:
Әркім өзінің киімі мен аяқ киімінің әдемі болғанын
қалайды (бұл да тәкаппарлыққа жата ма?)», – деп
сауал тастады. Пайғамбарымыз (с.а.у.) «Алла Тағала
көркем, көркемдікті жақсы көреді. Тәкаппарлық ол –
ақиқатты мойындамау әрі өзге адамдарды менсінбеу»
деп жауап қайырды
125
.
Киім киюдегі негізгі өлшемді пайғамбарымыз
(с.а.у.) басқа бір хадисінде былай деп түсіндірген:
«Ысырапқа және паңданып, тәкаппарлануға жол бер-
местен ішіп-жеңдер, киініңдер әрі садақа беріңдер!».
Бұл хадис әл-Бухариде келген. Ибн Мәсғуд бұл хадиске
«Қалағаныңды ішіп-же, қалағаныңды ки. Тек екі нәрсе
сені жаңылтпасын: мыналар: ысырап және паңданып,
тәкаппаралану»
126
деп түсіндірме берген. Демек, киім
киюдегі негізгі тыйылған нәрсе – тәкаппарлық пен ысы-
рап. Осы екі нәрсе қадағаланғаннан кейін қалаған киімді
киюуге дініміз рұқсат етеді. Тек шариғат белгілеген әурет
жерлердің жабылуы шарт.
Ал пайғамбарымыздың
«изарыңның балағын
көтер, изарды төмен түсіру – тәкаппарлықтан»
,
немесе
«Алла Тағала изарын түсіріп кигендерді,
сүйретіп жүргендерді жақсы көрмейді»
деген секілді
тәкаппарлану шартын қоспастан, тобықтан түсіріп,
жалпы ұзын киюді тыйған көптеген сахих хадистерін
пайғамбарымыздың заманына байланыстыра оты-
125
Әл-имам Мухиддин ән-науауий, Шарх Сахихи Муслим, 1-2-том,
275-бет.
«Дәрул-мағрифа»
баспасы, Бәйрут, 2007 ж.
126
Ахмад Ибн Али ибн Хажар әл-Асқалани, Фатхул-Бари би шархил-
Бухари, 11-том, 423-бет.
«Дарул-фикр»
баспасы, Бәйрут, 2000 ж.