118
Дін мен Діл
Ендеше, бұл сұрақтың жауабын айқындау үшін
аталмыш мәселеге қатысты пайғамбарымыздың басқа да
хадистерін саралап көрелік:
Абдуллаһ ибн Омардан риуаят етілген мына хадисте
пайғамбарымыз (с.а.у.):
«Алла Тағала тәкаппарланып
киімін жерге сүйреткен кісіге қиямет күні қарамайды
(рақымдылық көрсетпейді)»
деген. Мұны естіген Әбу
Бәкір:
«Менің изарымның бір жағы егер қадағалап
көңіл бөлмесем төмен түсіп тұрады»
деп сауал таста-
ды. Пайғамбарымыз (с.а.у.)
«Ей, Әбу Бәкір! Сен оны
тәкаппарланып істейтіндерден емессің ғой»
деп жауап
берді
123
.
Пайғамбарымыздың Әбу Бәкірге берген жауабы-
нан хадистегі шалбардың ұзындығын тобықтан асыруға
қатысты тыйымның жалпы тыйым емес, тәкаппарлыққа
қатысты екенін түсінеміз. Себебі, пайғамбарымыздың
заманында және сол кездегі араб ғұрпында дененің бел-
ден төменгі жағына киілетін шалбар секілді киімдер
тобыққа жетпейтіндей қысқа болатын. Ал тобықтан асы-
рып, етегін жерге сүйретіп киетіндер көбіне өздерін өзге
адамдардан жоғары санайтын тәкаппар адамдар болатын.
Сондықтан пайғамбарымыз тобықтан асырып киюге
тыйым салған. Яғни, бұл жердегі негізгі тыйылған нәрсе
киімнің ұзындығының мөлшері емес, кісінің ұзын кию
арқылы өзгелерден жоғары екендігін көрсетуді қалаған
тәкаппарлық ниеті екенін түсінуге болады.
123
әл-Бухари.