113
Дін мен Діл
метал» өсімдіктің өсуін тежейді, тіпті олардың со-
лып қалуына да себеп. Рок тыңдатылған балықтың да
көп өтпей жансыз күйінде су бетіне қалқып шыққаны
байқалған. Бұдан адам да шет қалмайды. Зерттеу-
лер жарты сағат дискотекада болған жеткіншектің
сол күйі өз-өзін бақылаудан қалатындығын, гипнобель
жағдайына жақын күйге түсетіндігін анықтаған. Жим-
ми Хендрикс бірде былай деген екен: «Біз музыка арқылы
адамдарға гипноз жасаймыз, оларды күйден-күйге
құбылтып ең осал жерлерін анықтап аламыз. Ал содан
соң оның миына не құям десең де еріктісің»
120
.
Гитлер де музыканы өз саясатында ұтымды пайдала-
нуды көздеген. Ол
«Басып алған жерлердегі халықтың
санасын да бағындырғыңыз келсе, мәнсіз-мағынасыз
музыканы күндіз-түні құлағынан кетірмей тыңдата
беріңіз. Ол сонда саналы ойлаудан қалып, санасыз
тобырға айналады»
деген.
Көлікке әсері
Бен-Гурион университетінің қызметкері жеті жыл-
дан аса көлік айдаған 28 студентке тәжірибе жасап
көрген. Олар Чикаго көшелерінің бойымен әртүрлі музы-
ка тыңдап көлік жүргізуге тиіс болды. Оның ішінде баяу
әндер де, ырғақты музыка да тіпті жай ғана тыныштық
та болды. Ырғақ минутына 60 тан 120 тактқа дейін
көтерілді. Әсерін байқау үшін кез-келген музыканың
даусы барынша жоғары қойылды. Тәжірибе барысында
тыңдалған музыканың ырғағы жылдамдатылған сайын
көлікті абайлап жүргізу қиынға соғатыны анықталды,
ондайда көлік бағдаршамның қызылына өтіп кетіп, түрлі
жол көлік апаттары орын алған. Ал
«жылдам»
музыкалар
120
Құдайберді Бағашар, Әдемі әуеннің әсері,
«Аңсар»
журналы,
9-10 бет, № 10, 2007 ж.