117
Сахих Әл-Бухариде және басқа
да хадис кітаптарында «Изардың
(шалбар секілді киімдер) тобықтан
төмен түскені тозақта» деп ескерткен
пайғамбарымыздың сахих хадистері
риуаят етілген. Осы хадиске сүйенген
кейбір
мұсылмандар
«шалбар
балағының тобықтан асып тұруын»
күнә санағандықтан, шалбарларының
балағын қысқа етіп киіп жүр. Жоғарыдағы
аталмыш хадистің үкімін қалай түсінген жөн?
Пайғамбарымыздың кез келген хадисін оқығанда
тікелей мағынасынан гөрі оның қандай мақсатпен
айтылғанына көбірек көңіл аударуымыз қажет.
Көбіне бір ғана хадистің мағынасын айқындау үшін
пайғамбарымыздың сол мәселеге байланысты басқа да
хадистерін зерделеп, зерттеуге тура келеді.
Ал енді сұрақта келтірілген пайғамбарымыздың
(с.а.у.) жоғарыдағы
«Изардың тобықтан төмен
түскені тозақта»
делінген хадисін оқыған уақытта:
«Пайғамбарымыз неліктен киімінің балағын бірнеше
сантиметр төмен түсірген кісіні тозақтың азабымен
ескерткен екен? Неліктен мұндай кішігірім мәселеге бай-
ланысты үлкен азап болуға тиіс? Жоқ әлде, бұл хадистегі
тыйылған нәрсе киімнің ұзындық мөлшері емес, киімнің
ұзындығына байланысты тозаққа апарар басқа бір іс
пе?»
деген орынды ой туары сөзсіз.